Жаңалықтар

🔰«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-інде АПҚО аясындағы ата-аналарға арналған маңызды сабақ «АПҚО аясында жеке шекара және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды жеңуде қалай көмектесуге болады» тақырыбында 23 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арнап сабақ өткізілді.
🟢Мақсаты:
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, олардың жеке шекара ұғымын терең түсінуіне жол ашу. Оқушыларды өз құқығын құрметтеуге, өзгенің шекарасын сыйлауға тәрбиелеу. Қиын жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдай білуге, көмек сұраудан қорықпауға баулу. Сонымен қатар, сынып ішінде сенімге негізделген жылы қарым-қатынас орнатып, өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру.
🟢Кездесу барысында ата-аналармен бірге жасөспірім психологиясы, баланың «жеке шекарасы» ұғымы, сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, қауіп төнген жағдайда балаға қалай дұрыс қолдау көрсету керектігі жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
🟢Шара ата-аналар үшін ой саларлық, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. Осындай сабақтар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі бақытты болашағына берік негіз қалайды.
🟢Бала қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік!
📢 Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Маңғыстау ауданы бойынша 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Маңғыстау ауданынанда мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Баланы басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету форматы: электронды және қағаз түрінде.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қажетті құжаттар:
• ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
• 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
• 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• 3×4 көлеміндегі 2 дана фотосурет;
• қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша өз мәртебесін растайтын құжат ұсынады (ықтиярхат, босқын куәлігі және т.б.).
Өтінішті:
• үй жағдайында онлайн түрде;
• мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады.
Құжаттар келесі жағдайларда қабылданбайды:
• құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда;
• құжаттардың мерзімі өткен жағдайда;
• мәліметтердің шынайылығы расталмаған жағдайда;
• белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
• сыныптағы орын саны толық болған жағдайда.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады.
🕘 Құжат қабылдау уақыты:
дүйсенбі–жұма аралығында, сағат 09:00–18:30.
(Мереке күндері мен демалыс күндерін санамағанда)
Балабақшаға орналасу үшін ваучерді қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы №372 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымына балаларды орналастыру ваучерлік қаржыландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ваучер – баланың мектепке дейінгі білім беру қызметіне ақы төлеуге арналған мемлекеттік қаржыландыру түрі.
Ваучер алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. Кезекке тұру
INDIGO – балабақшаға кезекке қоюға арналған ақпараттық жүйе.
2. Өтініш беру
ED24 – SMS арқылы құпия код алуға арналған мобильді қосымша.
3. Хабарлама алу
Кезегіңіз келгенде сізге SMS және қосымша арқылы хабарлама келеді.
4. Ваучерді растау
2 жұмыс күні ішінде INDIGO жүйесінде ваучерді растау қажет. Растамасаңыз, ваучердің күші жойылады.
5. Шарт жасау
5 жұмыс күні ішінде балабақшамен келісімшарт жасап, құжаттарды тапсыру қажет. Уақытында рәсімдемесеңіз, ваучер жойылады және қайта кезекке тұру қажет болады.
Мысалы, Егер сізге ваучер 1 сәуірде берілсе: 3 сәуірге дейін растамасаңыз → ваучер жойылады. Растағаннан кейін 5 күн ішінде шарт жасамасаңыз → ваучер қайтадан күшін жояды
Толық ақпаратты indigo24.kz сайтынан алуға болады.
🔰Маңғыстауда мектепке құжат тапсыру тәртібі түсіндірілді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бірінші сыныпқа қабылдау процесін жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Осыған сәйкес 2026–2027 оқу жылына республика бойынша 1-сыныпқа қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Соның ішінде, Маңғыстау облысында құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева айтты.
Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
-Баланы басқа мектепке бергісі келетін ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету форматы — электронды және қағаз түрінде. Қазақстан азаматтары үшін ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші, 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты, 065/у нысанындағы медициналық анықтама, 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет және қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы қажет. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша өз мәртебесін растайтын құжат ұсынады (ықтиярхат, босқын куәлігі және т.б.), — деді Клара Құлатаева.
Сондай-ақ, спикер брифинг барысында құжат тапсыру мүмкіндіктеріне тоқталды.
-Өтінішті үй жағдайында онлайн және мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады. Құжаттар толық ұсынылмауы немесе мерзімінің өтуі жағдайында, мәліметтердің шынайы болмауы, талаптарға сәйкес келмеуі, сыныптағы орын санының толып кетуі жағдайында қабылданбайды. Толық ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады, — деді спикер.
Айта кетейік, құжаттар дүйсенбі–жұма аралығында сағат 09:00–18:30 дейін қабылданады.
***
В Мангистау разъяснили порядок подачи документов в школы
Министерство просвещения Республики Казахстан совместно с Министерством цифрового развития и искусственного интеллекта РК планирует реализацию пилотного проекта, направленного на совершенствование процесса приема в первый класс. В соответствии с этим, прием детей в первый класс на 2026–2027 учебный год по республике будет осуществляться с 27 мая по 31 августа 2026 года. В том числе в Мангистауской области прием документов пройдет с 29 июня по 31 августа 2026 года. Об этом на брифинге в Центре общественных коммуникаций сообщила руководитель отдела управления образования Мангистауской области Клара Кулатaева.
По словам спикера, в Мангистауской области дети, освоившие программу предшкольной подготовки и желающие продолжить обучение в той же образовательной организации, будут зачислены в первый класс автоматически.
-Родители, которые хотят перевести ребёнка в другую школу, подают документы на общих основаниях. В соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании», дети принимаются в 1 класс на основании заявления родителей или законных представителей. Формат оказания государственной услуги — электронный и бумажный. Для граждан Казахстана необходимы: заявление родителя или законного представителя, медицинский паспорт по форме 052-2/у, медицинская справка по форме 065/у, 2 фотографии размером 3×4, а при необходимости — заключение ПМПК. Иностранные граждане и лица без гражданства дополнительно предоставляют документ, подтверждающий их статус (вид на жительство, удостоверение беженца и др.), — сказала Клара Кулатaева.
Также в ходе брифинга спикер остановилась на способах подачи документов.
-Заявление можно подать онлайн из дома или через уголки самообслуживания в школах. В случае неполного пакета документов, истечения срока их действия, недостоверности данных, несоответствия требованиям или при заполненности классов, в приёме может быть отказано. Полную информацию можно получить на официальных сайтах образовательных организаций и на портале [www.egov.kz](http://www.egov.kz), — отметила спикер.
Стоит отметить, что приём документов осуществляется с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:30.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, МҰҒАЛІМДЕР!
Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ әкімшілігі 8 Наурыз Әйелдер күні мерекесіне орай іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
❌ Мектеп білім алушыларынан сыйлыққа ақша жинауға;
❌ Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
❌ Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қаржы жинауға!
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
📌 Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
📌 Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау — біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастыруға ат салыссаңыздар!
Сұрақтарыңыз болса, +7 778 612 8712 номері арқылы қоя аласыздар.
Мектеп директоры
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар!
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың
5 ақпан күнгі 1-інші ауысымдағы сабақ ауа-райындағы өзгерістерге, жердің қатты көктайғақ болуына байланысты онлайн форматта өтетіндігі хабарланады
Мектеп әкімшілігі
🔹Ата-аналарға🔹 АПҚО аясындағы ата-аналарға арналған маңызды сабақ 🔹
📌 «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет»
5–6 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бұл тағылымды сабақта бала қауіпсіздігі, отбасындағы өзара сенім және жеке шекараны құрметтеу мәселелері кеңінен қамтылды.
👨‍👩‍👧‍👦 Сабақтың негізгі мақсаты:
– жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыру;
– балаларға өз құқықтарын білуге және өзін қорғау ережелерін меңгерту жолдарын түсіндіру;
– отбасында ашық қарым-қатынас орнатып, баланың жеке кеңістігін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
🗣️ Кездесу барысында ата-аналармен бірге жасөспірім психологиясы, баланың «жеке шекарасы» ұғымы, сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, қауіп төнген жағдайда балаға қалай дұрыс қолдау көрсету керектігі жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
✨ Шара ата-аналар үшін ой саларлық, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. Осындай сабақтар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі бақытты болашағына берік негіз қалайды.
🤝 Бала қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік!
🌞 Жаз – балалар мен олардың ата-аналарының асыға күтетін жыл мезгілі.
Жазғы демалысты қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды да жадыңыздан шығармаған абзал. Осы мақсатта біз жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынама әзірледік. Ол туралы карусельден толығырақ танысуға болады.
 
⬆️⬆️⬆️⬆️
 
🔰 ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырханның қазақстандық ата-аналарға үндеуі!

"Жалпыадамзаттық құндылықтар - тәрбиенің қайнар көзі" тақырыбымен өткізілген мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы

«Жалпыадамзаттық құндылықтар — тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбымен мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының жартыжылдық жұмысы бойынша ата-аналарға есебі. Мектеп бюджеті қаржысының игерілуі, жаңа міндеттер туралы.
(Мектеп директоры: Тажмаганбетова Агилен Бишеевна)
2. 3 тоқсанның білім сапасы, үлгерім қорытындысы. Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі тест сынақтарына дайындығы мен көрсеткіші. (Мектеп директорының оқу-ісі жөнінен орынбасары: Қамысбаева Роза Дауловна)
3. «Ата-аналардың жауапкершілігі мен міндеттері».
(ДТІЖО: Серикова Гульшат Кошахановна)
4. «Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік — қоғам қасіреті». Тренинг. (Педагог-психолог: Махамбет Жанаргүл)
5. «Оқушылардың арасындағы құқықбұзушылық және оның алдын алу».
Мектеп инспекторы: (Кенжеахметова Салтанат Муратовна)
📣ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
 
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жастағы және осы жылда 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады. Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, www.egov.kz веб- порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
🔰Қажет құжаттар тізімі:
1. өтініш;
2. 052-2/у нысанды денсаулық паспорты;
3. баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуреті.
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі:
Биылғы жылғы 1 сыныпқа қабылдаудың басты ерекшілігі лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1 сынып оқушыларына психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
Гимназия мен лицей сыныптарына өтініш беру 1 сәуірден бастап сынып толымдылығы қалыптасқанға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан, орын саны шектеулі болғандықтан, балаларын гимназиялар мен лицей сыныптарына беруді жоспарлаған ата-аналар, 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 880 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Өткен оқу жылында 1094 бала 1 сыныпқа қабылданған болатын. Ата-аналар соңғы күнге қалдырмай, балаларымызды мектепке қабылдауға
өтініш беруді 1 сәуірден бастайық!
Ата-аналарға

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Ата-аналарға

Ата-аналарды педагогикалық қолдау тренингі

Ата-аналарда педагогикалық қолдау бағдарламасына сай «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбымен 10 сынып жетекшісі — Г.Қалиланова 10-11 сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау тренингін өткізді.
Мақсаты: ата-аналардың өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез- құлық қаупінің алдын-алу жолдарын дамыту.
Міндеттері:
1. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын ояту;
2. Баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту;
3. Ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алуының маңыздылығын күшейту;
Ата-аналарға әр түрлі тапсырмалар, сұрақтар беріліп, ата-аналармен кері байланыс жасалды.

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

2024 жылдың 31 қаңтары күні сағат 17:00-де «Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ата-ана мен бала арасындағы байланыс» тақырыбымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысында оқушылардың 2 тоқсан бойынша үлгерімі, білім сапасы, оқушылардың тәрбиесі, тәртібі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы талқыланды.
Ата-аналармен кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап берілді.

Фотогалерея

Ата-аналарға