Жаңалықтар

2026 жылғы 6 мамыр күні “Мектеп-ата-ана-бала бірлескен тәрбие” онкүндігі жоспары аясында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты тәрбиелік шара өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту, ел қорғаған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу және әскери қызметтің маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Отан қорғаушылар туралы көріністер қойылып, батырлар ерлігі жайлы мәліметтер айтылды. Қатысушылар елін қорғаған азаматтарға құрмет көрсету туралы, Отан алдындағы парыз туралы өз ойларымен бөлісті.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған бұл кештің тәрбиелік мәні зор болды.
 
📚 «Зейінді оқырман» танымдық сайысы 🌟
2026 жылдың 4 мамыр күні
Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте ерекше іс-шара өтті! ✨ «Зейінді оқырман» жобасы аясында 1-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында танымдық сайыс ұйымдастырылды. 🏫📖
🎯 Іс-шараның мақсаты:
📖 Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
🧠 Оқу сауаттылығын дамыту;
🌍 Ой-өрісін кеңейту.
🏆 Сайыс барысы:
Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті! 🔥 Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты:
❓ Оқыған кітаптары негізінде сұрақтарға жауап берді;
🧩 Түрлі логикалық тапсырмаларды орындады;
💡 Өздерінің тапқырлығы мен білімдерін паш етті.
Оқушылар ерекше белсенділік танытып, нағыз кітапқұмар екендіктерін дәлелдеді! 💪
🥇 Қорытынды:
Сайыс соңында үздік шыққан оқушылар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды! 🎊📜 Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉👏
Кітап — білім бұлағы! 📚✨
 
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 4-мамыры күні «Мектеп-ата-ана-бала бірлескен тәрбие алаңы» тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспары аясында мектеп психологы-Өтесінова Нұршат «Отбасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбымен психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты: отбасындағы өзара ттүсіністік пен сыйластықты арттыру, ата-аналарға бала тәрбиесінде тиімді қарым-қатынас тәсілдерін ұсыну.
Тренинг барысында қатысушы ата-аналарға тиімді тыңдау, эмоцияларды дұрыс жеткізу, балаға қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді. Түрлі психологиялық жаттығулар мен тренингтік ойындар өткізілді. Қатысушы ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Тренинг нәтижесінде ата-аналар бала психологиясын тереңірек түсініп, отасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығын ұғынды.
🇰🇿 «Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
“1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі”күніне арналған мерекелік шара 🎊
🎯 Мақсаты:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызын терең ұғындыру, оқушылардың бойына достық, татулық, өзара сыйластық құндылықтарын сіңіру 🤝. Әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту 🇰🇿✨.
🚀 Барысы:
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күймен басталып 😊, жүргізушілер мерекенің мән-маңызын әсерлі сөздермен ашып берді 🎤. Оқушылар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп 👗👘, әр халықтың өнерін паш етті. Әсем әндер шырқалып 🎶, мың бұралған билер орындалды ✨.
Бірлік пен достықты дәріптейтін көріністер қойылып 🎭, жүрекке жетерлік өлеңдер оқылды 📖. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып 🍲🥘, әр ұлттың ерекшелігі таныстырылды. Шара барысында көрермендер ерекше әсер алып, көтеріңкі рух сезінді 💪🔥.
✅ Нәтижесі:
Оқушылар еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен бірліктің баға жетпес құндылық екенін түсінді 🌏❤️. Әртүрлі мәдениеттерге деген қызығушылықтары артып, құрмет сезімдері қалыптасты 🙏. Ұйымшылдық, сыйластық, достық қасиеттері нығайып, мереке барша қатысушыларға шаттық пен шабыт сыйлады 🌈✨
«Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру, жасөспірімдерге сенім телефонын ұсыну» тақырыбында өткізілген профилактикалық шара
Ағымдағы жылдың 24-сәуірі күні «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінде «Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру, жасөспірімдерге сенім телефонын ұсыну» тақырыбында профилактикалық шара өткізілді.
Профилактикалық шараға АПб бастығының орынбасары, полиция майоры-Дузаков Берік Рахатұлы және Маңғыстау Апб ҚҚб Юпт уПИ полиция капитаны-Құлыбеков Мағжан Байронұлы қатысты.
Мақсаты: жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллингтің, физикалық/ психологиялық қысымның және қаржылық, интернеттегі алаяқтыққа қарсылық және балалардың қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасау, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Ювеналды полиция инспекторы оқушыларға ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің жасөспірімдерге қатысты негізгі баптарын түсіндірді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі, ұсақ бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, буллинг үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері нақты мысалдармен талданды.
Оқушыларға «Сенім телефоны — 111» және «Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің байланыс орталығы — 111» қызметтері таныстырылды. Қиын жағдайға тап болғанда, зорлық-зомбылық көргенде немесе куә болғанда қайда хабарласуға болатыны, қоңыраудың анонимді және тегін екені түсіндірілді.
«Сұрақ-жауап» бөлімі өткізілді. Оқушылар құқықтары мен міндеттері, интернеттегі қауіпсіздік, мектептегі жанжалдарды заңды жолмен шешу туралы сұрақтарына жауап алды.
Өткізілген профилактикалық шара оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, заң алдындағы жауапкершілікті сезінуге, қиын жағдайда көмек сұраудан қорықпауға ықпал етті.
🔰2026 жылдың 22 сәуір күні «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінде «Мектеп мақтанышы – Берекет аға» апталығы аясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Ғалым рухына тағзым: математика және физика бәйгесі» атты пәндік олимпиада өткізілді.
🔹️Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың математика және физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтау болды. Олимпиада барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жан-жақты көрсетті.
 
✨📚«Зерделі ұрпақ» олимпиадасында білім мен білікті сынаған жас дарындарымыз!
«Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-нің 3-сынып оқушылары.
🧠 Топтың аты: Зияткер ұрпақ
Ұраны: Біліммен биікке, ақылмен алға!
📒📚
Зияткер ұрпақ — білім мен логиканы серік еткен, әр есептің шешімін таба білетін алғырлар тобы. Біз үшін әр тапсырма — жаңа мүмкіндік, әр жеңіс — болашаққа нық қадам!
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектебімізде “Ғарыш әлемі – болашақтың бағдары” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілді.
Көрмеге бастауыш және орта буын оқушылары белсенді қатысып, өздерінің қиялындағы ғарыш әлемін бейнеледі. Оқушылардың жұмыстарында ғарыш кемелері, жұлдыздар, ғаламшарлар мен атақты ғарышкерлердің бейнелері ерекше көрініс тапты. Сонымен қатар, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев бейнеленген суреттер көрменің мазмұнын аша түсті.
Көрме барысында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, ғарыш туралы ойларымен бөлісті. Әрбір суреттен баланың қиялы мен шығармашылығы айқын көрініп тұрды.
Шара соңында үздік жұмыстар іріктеліп, белсенді қатысушылар марапатталды. Көрме оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын арттырды.
 
 
Іс-шаралар
📚23 сәуір — Ұлттық кітап күні🪶
“Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ ұжымы “Балалар кітапханасы”жобасы аясында
Нұн Жұбаев мектебі жолдаған «Кітап оқимыз бірге!» челленджін ресми түрде қабылдады.
📖✨«Кітап — парасат пен пайымның биік шыңы».
Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, гаджеттер заманында кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті.
📥 Эстафета кезегі: Осы челленджді
“#1 жалпы білім беретін мектеп” ұжымына жолдаймыз!
📣Кітап оқуды бірге трендке айналдырайық!
Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел
Мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны мектеп медбикесі Әженова Маржан жүргізді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту арқылы болашақта саналы, білімді, рухы мықты азамат қалыптастыруға бағыт беру.
Іс-шараның нәтижесі:
Оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызын терең түсінді. Салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігіне көз жеткізіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға дағдыланды. Шара барысында оқушылардың белсенділігі артып, денсаулыққа деген қызығушылықтары оянды.
 
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге қатысқан оқушылар өз суреттерінде спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау сияқты денсаулыққа пайдалы әрекеттерді бейнеледі.
Көрме барысында әрбір оқушының еңбегі ерекше бағаланып, олардың қиялы мен өнерге деген қызығушылығы айқын көрінді. Шара соңында үздік жұмыстар атап өтіліп, қатысушылар марапатталды.
Аталған іс-шара оқушыларды денсаулықты қадірлеуге, сергек өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге өз үлесін қосты.
 
📌 БҮГІНГІ КЕЗДЕСУ
🔰Бүгін аудан мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, мектеп басшылары,кәсіптік бағдар беруші мамандары және сынып жетекшілердің қатысуымен маңызды кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы және кәсіби бағдар беруші профориентолог маман Айдос Жұманазар қатысты.
🔹️Жиын барысында оқушыларға мамандық таңдау, болашаққа бағыт-бағдар беру, сондай-ақ нысаналы гранттар туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың дұрыс таңдау жасап, болашаққа сенімді қадам басуына септігін тигізеді.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібековтің 84 жылдығы мен Шот-Аман Уәлиханның 94 жылдығына орай мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
✨ Мақсаты:
Оқушыларға ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының тарихи маңызы мен мазмұнын терең түсіндіру, оның авторларының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Жас ұрпақтың бойында елге, рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық рухты нығайту.
📌 Барысы:
Іс-шара барысында Елтаңбаның шығу тарихы мен ондағы әрбір бейненің (шаңырақ, қанатты пырақтар, жұлдыз) мән-мағынасы жан-жақты түсіндірілді. Оқушылар авторлардың өмір жолымен танысып, олардың ел үшін атқарған еңбектері туралы мағлұмат алды.
Сондай-ақ, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылды, пікір алмасу ұйымдастырылды. Танымдық сұрақ-жауап, викториналық ойындар өткізіліп, белсенді оқушылар марапатталды. Көрме бұрышы безендіріліп, оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
🌿 Нәтижесі:
Шара нәтижесінде оқушылар Мемлекеттік Елтаңбаның маңызын терең түсініп, оның әрбір элементінің мәнін ұғынды. Авторлардың еңбегіне құрметпен қарап, елжандылық сезімдері арта түсті. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығы жоғарылап, ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығайды.
🇰🇿 Елтаңба – елдігіміздің нышаны, тәуелсіздігіміздің айғағы!
 
7 cәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы мен дене белсенділігінің пайдасын ұғындыру. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу көзделді.
Іс-шара барысында әр сыныпта жас ерекшеліктеріне сай түрлі тақырыптар қамтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар денсаулық туралы бейнероликтер көріп, пікір алмасты, сұрақ-жауаптар мен танымдық ойындарға белсене қатысты. Бастауыш сыныптарда қызықты ойындар мен сурет салу ұйымдастырылса, жоғары сыныптарда пікірталас пен пайдалы кеңестер берілді.
Нәтижесінде оқушылар денсаулықтың ең басты байлық екенін терең түсініп, күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғынды. Өз денсаулығын күту, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану қажеттілігі туралы білімдері кеңейіп, белсенділіктері артты.
Ата заң – мемлекет тірегі» сынып сағаты
Бүгін «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбымен 11-сынып оқушыларына сынып жетекшісі-Сұлтанова Жанат сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Аталған іс-шара 15 наурыз күні өткізілген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына орай ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға Конституцияның негізгі баптары, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, еліміздің заң жүйесіндегі өзгерістер мен жаңартулар туралы айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сынып сағаты барысында түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Іс-шара соңында Ата заңды құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті екені атап өтілді.
«Дәстүрлі діндер және радикалды ағымдардың айырмашылығы» кездесуі
«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» іс-шара жоспары аясында «Дәстүрлі діндер және радикалды ағымдардың айырмашылығы» тақырыбымен Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудандық діни-экстремизмге қарсы ақпараттық- түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі-Молдашева Жанбибі Тұрарбекқызымен бірлескен кездесу өткізілді.
Мақсаты: дәстүрлі діндердіңмәнін түсіндіру, радикалды ағымдардың қауіптілігін ашып көрсету және жастар арасында дұрыс діни көзқарасты қалыптастыру.
Шара барысында қатысушы оқушылар діндердің қоғамдағы орны, олардың бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттайтыны туралы пікір алмасты. сонымен қатар радикалды ағымдардың белгілері, олардың идеологиясы мен қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды.
Шараға құқық пәнінің мұғалімі, сынып жетекшілері де қатысты.
Шара соңында оқушыларға дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау және күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі айтылды.
Экологиялық бағыттағы «Жасыл клуб» бірлестігі аясында «Жер келбеті» және «Жануарларға сүйіспеншілікпен» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты:
Оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, жердің экологиялық жағдайына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, жануарларға қамқорлық көрсету, оларға мейірімділік таныту арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Шараның барысы:
Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Жер келбеті» тақырыбында экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. «Жануарларға сүйіспеншілікпен» бөлімі аясында жануарларға қамқорлық жасау, оларды қорғау туралы пікір алмасып, түрлі мысалдар келтірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ұсыныстары мен идеяларын ұсынды.
Шараның нәтижесі:
Оқушылардың экологиялық мәдениеті қалыптасып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артты. Жануарларға жанашырлықпен қарау қажеттігін түсінді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы екенін ұғынып, күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді сақтауға ынталанды.
Шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін нығайтқан мазмұнды кездесу болды. 🌿
2026 жылдың 1 сәуір күні мектебімізде «1 сәуір – Халықаралық құстар күніне» орай 7–9 сынып оқушылары арасында сурет салу шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шараға 7–9 сынып оқушылары белсенді қатысып, табиғат пен құстар әлемін бейнелейтін түрлі мазмұндағы суреттер ұсынды. Оқушылардың жұмыстарында туған өлкенің құстары, олардың тіршілігі мен әсемдігі көрініс тапты.
Қорытынды:
Аталған іс-шара оқушылардың құстар әлеміне деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты. Шара нәтижесінде оқушылардың экологиялық тәрбиесі нығайып, көркем өнерге деген қызығушылығы артты.
 
📌 Демалысты кітаппен өткіздік!
Б. Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітаппен келген көктем» гайдбук атты мектепшілік іс-шарасы 19.03.2026-29.03.2026 аралығында өткізілді. Демалыс кезінде оқушыларымыз тек демалып қана қоймай, қиял әлеміне саяхат жасап, бос уақыттарын пайдалы өткізеді.
Мақсатымыз — балаларды кітапқа баулу және армандарына жол ашу! ✨📖
🌍 Жер сағаты – табиғатты қорғауға жасалған қадам! 🌱
Жер сағаты халықаралық экологиялық акциясы аясында «Қараңғыда селфи» бөлімі бойынша оқушылар белсенділік танытып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. ⏳💡
Акция барысында оқушылар бір сағатқа жарықты өшіріп, энергияны үнемдеудің маңызын түсінді. Қараңғылықта түсірілген ерекше селфилер арқылы олар экологияға деген жауапкершілігін көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау идеясын насихаттады. 📸✨
Бұл шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Әрбір өшірілген жарық – Жерге деген қамқорлықтың белгісі! 🌏💚
«Заңға бағынған құл болмас» дөңгелек үстелі
2026 жылғы 17-наурыз күні, Наурыз мерекесі қарсаңында, «Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетік мекемесінде «Заңға бағынған құл болмас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – заң үстемдігін насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Дөңгелек үстелге Маңғыстау ауданы полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры-Берикбаев Бақытжан Тарғынұлы, Маңғыстау ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты-Қыдырбайұлы Базарбай және Маңғыстау ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция тобы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты-Базаргалиева Дана, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың себептері мен салдарына тоқталып, оларды болдырмау жолдары қарастырылды.
Сөз сөйлеген мүдделі қызмет органынан келген өкілдер заң талаптарын қатаң сақтау – қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде ұсыныстарын айтты.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
 
Республикалық “Күй күмбірі” акциясы
Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, күй өнерінің құндылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық “Күй күмбірі” акциясына біздің мектеп оқушылары да атсалысты.
🎶 Күй күмбірі – ұлт рухының үні!
Акция аясында мектеп оқушылары Н.Тілендиевтің “Әлқисса” күйін орындап орындап, өнер арқылы ел мәдениетінің байлығын көрсетті.
🎶 Күй күмбірі – ұлт рухының үні!
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін, тарихи маңызын таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, эстетикалық талғамын дамыту және ұлттық мұраны сақтауға баулу.
Нәтижесі:
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық киімдерді киіп, олардың атаулары мен қолданылу ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтары артып, өз халқының тарихы мен дәстүріне деген құрметтері нығайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасау дағдылары қалыптасты. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
🎨«Көңілді бояулар әлемі»🪶арт терапия сабағы.
6«ә» сынып.
Дайындаған көркем еңбек пәні мұғалімі
👩🏻‍🏫 Тумышева. Г
Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 «Б» сынып оқушысы Қалымжан Тұрсынбек «Ананың аялы алақаны» атты челленджге қатысып, барша аналарға жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Ана – әрбір баланың өміріндегі ең қымбат жан, мейірім мен махаббаттың шуағын шашқан асыл тұлға. «Ананың аялы алақаны» челленджі арқылы оқушылар аналарға деген шексіз сүйіспеншілігін, құрметі мен алғысын білдіруде.
Қалымжан да осы игі бастамаға үн қосып, өз анасына деген махаббатын әсерлі сөздерімен жеткізіп, ананың мейірімі мен қамқорлығы әр бала үшін баға жетпес қазына екенін көрсетті.
Барлық аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз! Аналардың аялы алақаны әрқашан балаларына жылу сыйлай берсін!Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 «Б» сынып оқушысы Қалымжан Тұрсынбек «Ананың аялы алақаны» атты челленджге қатысып, барша аналарға жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
 
14 наурыз-Амал мерекесі
Бүгін 14 наурыз-Амал мерекесіне орай, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 2025-2026 оқу жылындағы»Шабыт» жобасының жұмыс жоспарына сай, «Шабыт» жобасының жетекшісі -Шәуенова Мейрамгүл эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының жабылу шарасында «Мектеп театры» тақырыбымен қазақтың ұлттық дәстүрі «Тұсау кесу» қойылымын көрсетті.
Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, «Тұсау кесу» дәстүрінің мәні мен маңызын түсіндіру,ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
«Тұсау кесу»-қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім сәби тәй-тәй басып жүргенде жасалады. Баланың тұсауын көбіне елге сыйлы, жүрісі шапшаң, жолы ашық адамға ырымдап кестіреді.
Жас балапанның тұсауын мектебіміздің ардагер ұстазы Жаңбырбаев Нұрасыл кесті.
Шара барысында қыз балалардың шашын өру, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» ойындары ұйымдастырылды.
Осындай шаралар арқылы оқушылар ата-бабамыздың салт-дәстүрін құрметтеп, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын түсінеді.
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетік мекемесінде оқушыларға қысқамертажды «Хулиганка» деректі фильмі көрсетілді.
Мақсаты:жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерге заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және өз әрекетінің салдарын түсіну.
Фильмнің негізгі идеясы:
-заңды бұзу адамның болашағына кері әсер етеді;
-Әрбір әрекет үшін жауапкершілік бар;
-Қоғамдағы тәртіп пен заңды құрметтеу маңызды;
-Жасөспірімдер буллинг пен агрессиядан аулақ болу керек;
Фильмде жасөспірім қыздың бұзақылық әрекеттері және оның салдары көрсетіледі.Оқиға арқылы мектеп оқушыларының арасында кездесетін агрессия, буллинг, тәртіпсіздік сияқты мәселелер қозғалады. Кейіпкердің әрекеттері заң алдында жауапкершілікке әкелгендігі көрсетіліп, жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасау керектігі түсіндіріледі.
«Хулиганка» -тәрбиелік мәні бар қысқаметражды фильм. Ол жасөспірімдерді тәртіпке, заңды сыйлауға және қоғамдағы жауапкершілікті түсінуге шақырады.
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы игі іс
Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау-өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп- дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі,- деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Бүгін, 13-наурыз күні, Амал мерекесі қарсаңында, 1986 жылы «Берекет Жұмалиев атындағы орта мектепті» бітіргендеріне 40 жыл толған мектеп түлектері 10 сынып оқушыларымен бірлесіп мектеп ауласына жас шырша ағаштарын отырғызды.
Бұл игі іс қасиетті Рамазан айындағы Оразамен тұспа-тұс келіп, аға буынның игі істері кейінгі жас жеткіншектерге үлгі болды.
«Таза Қазақстан», бұл бір күндік наухан емес. Бұл- біздің өмір салтымызға айналу керек. Баршамызды табиғатты қорғау идеясы біріктіре берсін!
🌿 Мектепке тағзым – игі іс!
🔹️1986 жылғы мектеп түлектері мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай, биылғы мектеп бітіретін түлектермен бірлесе отырып, туған білім ордасының ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
🔹️Бұл – аға буын мен жас түлектердің сабақтастығын көрсететін, туған мектебіне деген құрмет пен кейінгі ұрпаққа қалдырылған игі дәстүрдің жарқын үлгісі.
Түлектер отырғызған жас ағаштар тамыр жайып, жайқалып өсіп, мектеп ауласының көркіне айналсын!
🔹️Осындай игі бастамаға ұйытқы болған түлектерге алғыс білдіреміз. 🌳
 

https://www.facebook.com/share/r/1D5dUQNtWG/

✨Эстетикалық бірлестік✨ апталығында ⚜️«Қолөнер халық қазынасы»⚜️ атты шеберлік сағаты өтті. Дайындаған көркем еңбек пәні мұғалімдері 👩🏻‍🏫Тумышева Г., Сәрсенбаева А.
✨Эстетикалық бірлестік аралығында «Қолөнер халық қазынасы» атты көрме өтті. Дайындаған көркем еңбек пәні мұғалімдері. Тумышева Г., Сәрсенбаева А.
🌸 Алғыс айту – ізгіліктің белгісі 🌸
Мектебімізде 11-сынып оқушылары ұстаздарына деген құрметі мен ризашылығын білдіру мақсатында Алғыс айту челленджін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – білім мен тәрбие беріп, шәкірттеріне бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұстаздарға алғыс білдіру, оқушылардың ұстаз еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Челлендж барысында 11-сынып оқушылары ұстаздарына жүрекжарды алғыс сөздерін айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Ұстаз еңбегінің қадірі мен маңызын атап өтіп, өздерінің білім жолындағы жетістіктері ұстаздарының еңбегінің нәтижесі екенін ерекше атап өтті.
Нәтижесінде, оқушылар мен ұстаздар арасындағы сыйластық пен құрмет артып, мектепте жылы әрі әсерлі атмосфера қалыптасты. Бұл шара ұстаздарға деген шынайы ризашылықтың көрінісі болды.
 
🌸 «Ана туралы ән» челленджі 🌸
Ана – өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың символы. Осы орайда мектебімізде 1–6 сынып оқушылары арасында «Ана туралы ән» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, ананың қадірін түсіндіру және балалардың өнерін қолдау.
Челлендж барысында оқушылар ана туралы әндерді орындап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Әрбір орындау аналарға деген шексіз махаббат пен алғыстың белгісі болды.
Нәтижесінде, оқушылар анаға деген құрметін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Челлендж барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналарға деген жылы сезімді арттырды. 💐
 
🌸 «Бәрінен биік – ана жүрегі» 🌸
6 наурыз күні мектепте 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Бәрінен биік – ана жүрегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға оқушылардың ата-аналары, ардақты аналар арнайы шақырылды.
Мақсаты: оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ананың мейірімі мен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Кеш барысында оқушылар аналарға арнап өлең оқып, ән айтып, көріністер көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар аналар мен балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Нәтижесінде, оқушылар анаға деген алғысын білдіріп, отбасы құндылықтарының маңызын түсінді. Шара ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
 
Мектебімізде мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Шын жүректен…» алғыс айту челленджі аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары белсенді қатысып, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті. Қайырымдылық барысында жиналған азық-түлік өнімдері мұқтаж отбасылардың үйлеріне апарып берілді. Оқушылар мен ұстаздар бұл істі шын жүректен жасап, отбасыларға жылы лебіздерін білдірді.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық және қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қоғамдағы өзара көмек көрсету мәдениетін дамыту.
 
Эстетикалық апталықта «Қолөнер халық қазынасы» атты көрме өтті. Көркем еңбек пәні мұғалімдері Тумышева Г., Сарсенбаева А.
 
02.03.2026 жылы Мектебімізде 5-7 сынып оқушыларымен «Буллингтің зардабы» тақырыбында профилактикалық түсіндірмелер өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы жәбірлеудің (қорқыту, ұру, кемсіту) алдын алу және оған қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылармен жәбірлеудің психологиялық зардабы мен адамға тигізетін зияны туралы айтылды. Бала — біздің басты құндылығымыз, сондықтан әрбір оқушының мектеп қабырғасында өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі маңызды. Бұл бағыттағы шаралар оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейді.
 
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектепте оқушылар арасында мейірімділік, ризашылық және өзара құрмет құндылықтарын насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаты – оқушыларды үлкенді құрметтеуге, ата-анаға, ұстазға, достарға, қарапайым маман иелеріне алғыс білдіруге тәрбиелеу, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту.
Өткізілген шаралар:
🔹 “Алғыс – жүректен” атты сынып сағаттары
Сынып жетекшілері 5–11 сынып оқушыларымен алғыс айтудың мәні мен маңызы туралы әңгіме жүргізді. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына және достарына арнап алғыс сөздерін жазды.
🔹 Қайырымдылық және қамқорлық шаралары
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылардың отбасыларына көмек көрсетіліп, үлкендерге құрмет көрсету жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында оқушылар белсенділік танытып, алғыс айтудың адам өміріндегі рухани маңызын түсінді.
Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен мейірімділікті арттыратын ерекше мереке. Өткізілген шаралар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға оң әсерін тигізді.
 
23.02.2026 ж. Маңғыстау облысы полиция департаменті АПб ҚҚб Юпт УПИ полиция капитаны Құлыбек Мағжан Байронұлы 5–6 сынып оқушыларымен «Сталкингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық жиын өткізді.
📌 Жиынның мақсаты:
Оқушыларға сталкинг ұғымын түсіндіру, оның қауіпті тұстарын ұғындыру;
Жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру;
Желідегі және өмірдегі күмәнді әрекеттерден сақтану жолдарын үйрету;
Құқықтық сауаттылықты арттыру және өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу;
Сенім телефондары мен құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін түсіндіру.
🛡 Жиын барысында:
Полиция капитаны оқушыларға сталкингтің түрлері, оның белгілері мен салдары туралы түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы қауіптің алдын алу жолдарын айтты. Әсіресе әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, жеке мәліметтерді жарияламау, бөгде адамдармен байланыс орнатуда сақтық шараларын сақтау керектігі ерекше атап өтілді.
✨ Мұндай шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
📚✨ «Зерделі ұл – келешек көшбасшысы» зияткерлік сайысы ✨📚
Мектебімізде 7–8 сынып оқушылары арасында «Зерделі ұл – келешек көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Сайысқа белсенді қатысқан 5 команда өзара білім, логика және тапқырлық бойынша бақ сынасты. Қатысушылар түрлі кезеңдерде өз ойларын жүйелі жеткізіп, жылдам әрі нақты жауап беріп, нағыз көшбасшыға тән қасиеттерін көрсете білді.
Тартысты дода нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен 3 команда жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды. 🏆👏
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Сіздер – еліміздің ертеңі, болашақ көшбасшыларсыздар! 🇰🇿
 
✍️ Көркем жазу – көркем ойдың айнасы
🔹️25 ақпан күні мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында мектепішілік көркем жазу байқауы ұйымдастырылды.
🔹️Байқаудың мақсаты – оқушылардың сауатты әрі әсем жазу дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа баулу және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
🔹️Сайыс барысында қатысушылар өздерінің жазу мәнерін, әріптердің көркемдігі мен тазалығын көрсетті. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.
 
🔰Ағымдағы жылдың қаңтар айында 6-сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Жас таланттар» тақырыбында интеллектуалдық викторина өткізілді.
 
🔹️Мақсаты: дарынды баланың жеке қабілетін анықтау, логикалық ойлауын дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
 
🔹️Сайысты математика пәні мұғалімі Қазиханова Рыскүл ұйымдастырып, өткізді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. Жеңімпаздар марапатталды.
📅 2026 жылдың 24 ақпан күні «Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесі» жобасы аясында аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Шебердің қолы – алтын» атты шеберлік сабағы өткізілді.
 
🔹️Шара барысында ауданға белгілі шебер ана Қалымова Түрмехан апа мектебіміздің  6 «А» сынып оқушыларына ұлттық қолөнердің қыр-сырын таныстырып, ұршық иіру, шашақ жасау, ағаш үй жабдықтарын дайындау жолдарын тәжірибе арқылы үйретті.
 
🔹️Сонымен қатар, оқушылар мұражай қорымен танысып, аудан тарихы мен өлкеге қызмет еткен белгілі тұлғалар туралы құнды мәліметтер алды.
 
✨ Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, рухани танымын кеңейтті.
✨ Өнегелелі 15 минут
🔹️3 «Б» сыныбында қыз балаларға арналған тәрбиелік бағыттағы «Өнегелелі 15 минут» аясында қыздардың шаш өруі тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
🔹️Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыз баланың сыртқы келбет мәдениеті мен ұқыптылыққа баулу мақсатында шаш өрудің түрлі әдістері көрсетіліп, тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.
 
«Закладка» фильмі
Оқушыларға құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Закладка» фильмі көрсетілді.
Фильм мазмұнында жасөспірімдердің қауіпті ұсыныстарға алдануы, оның заң алдындағы жауапкершілігі және жеке өмірге тигізетін кері әсері туралы тәрбиелік ой қозғалады.
Закладка фильмі — жасөспірімдер арасындағы есірткі айналымы, интернет арқылы арбау, құқықтық жауапкершілік және өмірлік қауіп туралы профилактикалық бағыттағы туынды. Фильмнің мақсаты — оқушыларға зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру және саналы таңдау жасауға бағыт беру.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен түсіндірме әңгіме жүргізіліп, қауіпсіз мінез-құлық, заң талаптарын сақтау және күмәнді ұсыныстардан бас тарту туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын білдірді.
16.02.2026 жылы Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде 7–8 сынып оқушыларына арналған Экологиялық сағаттар өткізілді.
🌿 Шараның мақсаты:
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған жердің табиғатын аялауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу.
Экологиялық сағат барысында оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, жасыл желекті көбейту, су мен энергияны үнемдеу тақырыптарында ой бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Жасыл болашақ – саналы ұрпақтың қолында!
 
Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылына арналған «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 17.02.2026 жылы мектеп кітапханасында «Сәттіғұл Жаңғабылұлына 150 жыл» атты мектепішілік кітап оқу сайысы ұйымдастырылды.

✨ Шараның мақсаты – Сәттіғұл Жаңғабылұлы шығармашылығын насихаттау, оның өлеңдеріндегі азаматтық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу, оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу.
Кеш барысында жыршының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп орындады.
📖 Тағылымы мол кеш жас буынның рухани әлемін байытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.
 
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық сынып сағаттарын өткізу
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-11 сынып оқушыларына экологиялық сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, тәрбие беру және қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасын дамыту.
Экология-қоршаған орта мен адам әрекетінің байланысын зерттейтін бағыт. Табиғатты қорғау-әр адамның күнделікті жауапты міндеті.
Қазіргі уақытта ауа мен судың ластануы, пластик қалдықтардың көбеюі, орманның, су ресустарының азаюы негізгі мәселеге айналуда.
Оқушылар күнделікті эко-әдеттерді әдетке айналдырулары керек.
-суды босқа ағызбау;
-электр қуатын үнемдеу;
-қоқысты сұрыптау;
-көп рет пайдаланатынсөмкелер пайдалану;
-табиғатта қоқыс қалдырмау;
Табиғатты бүгін қорғамасақ-ертең оның орнын толтыру қиын. Кішкентай дұрыс әрекеттер үлкен нәтижеге әкеледі.
«Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» челленджі
«Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу» іс-шара жоспары аясында ұйымдастырушы-педагог-Әлібаева Тоғжан 6 сынып оқушыларына «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» челленджін өткізді.
Мақсаты: оқушыларға экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәнін түсіндіру, олардың қоғамға қауіпті екенін ұғындыру. Жасөспірімдерді бейбітшілікке, толеранттылыққа, заңды сақтауға және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны туралы мәлімет берілді. Бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сұрақ-жауап арқылы бейбітшілік пен татулықтың маңызы айтылды.
Оқушылар экстремизм мен терроризмге қарсы көзқарас қалыптастырып, заңға бағынудың, бейбіт өмір сүрудің маңызын түсінді., шара тәрбиелік мәнге ие болды.
📚 Тілдер апталығының ашылуы 🌍
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында мектебімізде
“Тілім менің – досым” тақырыбында ағылшын және орыс тілі пәндерінің апталығы өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты –
🗣️ оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру,
🌐 көптілділіктің маңызын көрсету,
💡 шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алда қызықты сайыстар, танымдық іс-шаралар мен белсенді сабақтар күтіп тұр!
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🚀
📖✨ Тілдер апталығы. Екінші күн — Ертегілер күні 🎭
Тілдер апталығының екінші күні
Ертегілер күні ретінде ұйымдастырылды.
3–4 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде ертегілер бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді:
🔹 “Little Red Riding Hood” (ағылшын тілінде)
🔹 “Репка” (орыс халық ертегісі)
🔹 “The Bun” (ағылшын тіліндегі ертегі)
Кішкентай өнерпаздар өздерінің актерлік шеберлігін, тілдік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді 👏
Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған қойылымдар болды!
 
Ағылшын және орыс тілі апталығы аясында
9–11 сынып оқушылары арасында үш тілде «Полиглот» зияткерлік сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін тереңдету, көптілділікке деген қызығушылығын арттыру, тілдік қорын дамыту және жылдам ойлау қабілетін шыңдау.
🎯 Сайыс барысында қатысушылар тапқырлықтарын, тілдік білімдерін және логикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.
🌍 Үш тілде еркін сөйлей білудің маңыздылығы айқын көрініс тапты.
🏆 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өтті.
«Заң және жауапкершілік» атты кездесу.
Өткізілу форматы: салық және салық салу саласы бойынша азаматтық жауапкершілікті дамыту туралы инфографикаларды орналастыру
Мақсаты: Салық және салық салу бойынша азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
Ағымдағы жылдыі 21 қаңтар күні 9,10,11 сынып оқушыларына «Заң және жауапкершілік» тақырыбымен шара өткізілді.
Шараға Маңғыстау ауданы Полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция полковнигі- Үсенов Серікжан Бақытұлы, Маңғыстау ауданы Полиция қызметі бөлімшесі Ювеналды полиция тобы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты-Қыдырқызы Асылтас және Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері-Қосуақова Майра қатысты.
Шараның ерекшелігі-оқушыларға салық және салық салу туралы ақпараттар инфографика форматында ұсынылып, «Салық деген не?», «Азаматтық жауапкершілік», «Салық төлеу-міндет»,»Салық төлемесек не болады?»тақырыптары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, заңның қоғамдағы рөлі, азаматтық міндеттер және салық салу саласындағы жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Шара барысында мүдделі мемлекеттік органдардан келген қонақтарға сөз беріліп, әр түрлі құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, т/б заңбұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттар беріліп, оқушылардың жеке-жеке сұрақтарына жауап берілді.
Кездесу соңында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу туралы бінеше видеороликтер көрсетіліп, шараны мектеп басшысы Тажмаганбетова Агилен Бишеевна қорытындылады.
 
🦷 «Дублер күні» – болашақ мамандыққа жасалған маңызды қадам!
2026 жылғы 19 қаңтар күні мектебімізде ұйымдастырылған «Дублер күні» аясында 9-сынып оқушылары Ғабитқызы Мадина мен Зұлхарнай Аяулым аудандық емханаға барып, тіс дәрігері мамандығымен жақын танысты.
🔍 Іс-шараның мақсаты – оқушыларға медициналық мамандықтар туралы кеңінен мағлұмат беру, кәсіби бағдар қалыптастыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.
👩‍⚕️ Кездесу барысында тіс дәрігері өз мамандығының ерекшеліктері, күнделікті атқаратын қызметі мен жауапкершілігі туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Оқушылар тіс емдеу үдерісін өз көздерімен көріп, мамандыққа қатысты қызықтырған сұрақтарына толық әрі нақты жауап алды.
✨ Бұл тағылымды шара оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда маңызды бағыт-бағдар берді.
 
15 ақпан-Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні
   
⁣  «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінде 15 ақпан-Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай мектеп оқушыларына тәрбиелік шара өткізілді.  
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу; Ауғанстан соғысына қатысқан ағалардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу.
Оқушыларға Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқаты ашылып, түсіндірілді. 
1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлері Ауғанстан шекарасына өтіп,  ұзаққа созылған тоғыз жыл, бір ай және он тоғыз күннен кейін, 1989 жылы 15 ақпанда 40-шы армияның қолбасшысы генерал Громов әскерлерді шығарып алды, ⁣ осы мерзім аралығында: 22 269 қазақстандық соғысқа қатысып, олардың 924-і қаза тауып, 1015 мүгедек болғандығы, 21 жауынгердің хабар-ошарсыз кетті. 
     15 жылы 1989 ақпанда Кеңес әскерлерінің шығарылуы аяқталды, соңғы колонна Ауғанстан аумағынан шықты. Соңғы Кеңес сарбазы Термездің маңындағы шекаралық Амудария өзенінің көпірінен өтіп бара жатқанда, он жылға жуық уақытқа созылып, Кеңес Одағының он бес мыңнан астам азаматының өмірін қиған Ауғанстандағы соғыс аяқталды.
      Мектебімізде  жыл сайын бұл күні Ауған соғысынан оралмаған 14 мыңнан астам кеңес солдаттары мен офицерлері еске алынады.
«Өмірге ИӘ деп айт!» психологиялық апталығының қорытынды шарасы өткізілді.
 
Қорытынды барысында қатысушылардан кері байланыс алынып, апталыққа белсенді қатысқан білім алушылар марапатталды. Атап айтқанда, сурет салу байқауына және түрлі ойындар мен тренингтерге қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, ынталандыру жұмыстары жүргізілді.
 
Апталық оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, өзара қолдау мен позитивті қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
#маңғыстау_ауданы_білім_бөлімі
#өмірге_иә_деп_айт
Іс-шаралар
✨Іс-шаралар Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби сайыс ✨
6 ақпан күні қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай 5–6 сынып оқушылары арасында «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби сайыс өтті.
📌 Мақсаты – оқушыларды ақынның рухани мұрасымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөзді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында оқушылар Мұқағали өлеңдерін әсерлі, мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
🏆 Нәтижесінде белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.
🌿 Ұлы ақынның өлеңдері оқушылар жүрегінен орын алып, рухани әсер сыйлады.
 
«Мерген ару – 2026» 🎯
Мектебімізде қыз балалардың мергендік қабілетін анықтау мақсатында «Мерген ару – 2026» атты сайыс өткізілді. Сайыс барысында қатысушылар дәлдік, жинақтылық және төзімділік қасиеттерін көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухын нығайтуға бағытталды.
Сайысты ұйымдастырып, өткізген — АӘД пәнінің жетекшісі Талғатұлы Айберген.
Осындай тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
 
«Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық онкүндігі аясында
«Дос бола білейік» тақырыбында командалық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатып, сенім, қолдау, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындады. Командалық ойындар арқылы достықтың, бірліктің маңызы айқын сезілді.
Іс-шара қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға ықпал етті 🌿
 
Мектебімізде жоғары сынып қыздарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу және жыныстық тиіспеушілік» тақырыбында ашық кеңес беру сағаты ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты — бойжеткендерімізге ерте есеюдің алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және өз құқықтарын қорғау бойынша бағыт-бағдар беру.
«Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-сінде 2025-2026 оқу жылындағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шара жоспары аясында»мектеп кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітаптар көрмесі өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру. Оқушылардың құқықтық білімін арттырып, заңды құрметтеуге және әділ жолмен жетістікке жетуге тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.
«Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық онкүндігі аясында
«Өмірге хат» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, өмірге деген көзқарасын, арман-мақсатын, ішкі сезімдерін шынайы жеткізе білді. Әрбір жазбада үміт, сенім және болашаққа деген талпыныс байқалды.
Бұл жұмыс оқушылардың өзін еркін білдіруіне, өмірдің құндылығын түсінуіне және өз-өзіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік берді 💛
 
«Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық онкүндігі аясында «Мен өмірді осылай көремін» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар өз ойы мен сезімін, өмірге деген көзқарасын сурет арқылы еркін бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр жұмысынан өмірге деген сүйіспеншілік, қиял мен үміт байқалды.
Іс-шара оқушылардың позитивті ойлауын қалыптастырып, өз-өзіне деген сенімін арттыруға ықпал етті 🌱
 
 
«Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық онкүндігі аясында
«Өзіңді таны, өзіңді қабылда» тақырыбында өзін-өзі бағалауды арттыруға бағытталған тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар өзін тану, қабылдау, өзіне деген сенімділікті нығайтуға арналған жаттығулар орындады.
Арт-терапия элементі ретінде «Суретті жалғастыр» жаттығуы өткізіліп, қатысушылар өз эмоциясын, ішкі күйін және ресурсын шығармашылық арқылы бейнеледі.
Іс-шара жағымды психологиялық атмосферада өтіп, қатысушыларға ой салды әрі жақсы көңіл-күй сыйлады 🌿
 
Көңілді үзіліс 🎉
🧠 «Шапшаң есепте» ойыны
Ұзақ қоңырау кезінде 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Шапшаң есепте» атты танымдық әрі көңілді ойын ұйымдастырылды. Бұл шарада оқушылардың ойлау жылдамдығы, есептеу қабілеті мен тапқырлығы сынға түсті.
🔢 Ойын барысында қатысушылар берілген тапсырмаларды шапшаң әрі дұрыс орындап, өздерінің жүйрік ойлы, білімді екенін көрсете білді. Қызықты есептер мен жарыс элементтері оқушылардың ерекше белсенділігін арттырды.
🎯 Мақсаты:
– Ұзақ үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру;
– Оқушыларды бос жүрмей, пайдалы іске бағыттау;
– Логикалық ойлау мен зейінді дамыту;
– Достық қарым-қатынас пен бәсекелестік рухын қалыптастыру.
✨ Нәтижесі:
Оқушылар үзіліс уақытын көңілді әрі мазмұнды өткізіп, білімдерін шыңдай түсті. Көңілді атмосферада өткен сайыс балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.
📸 Көңілді сәттерден естелік суреттер
 
«Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық онкүндігі аясында «Менің өмірім – менің таңдауым» тақырып аясында оқушылармен әңгіме жүргізіліп, сенім жәшігі ұйымдастырылды.
Оқушылар өз ойларын, сұрақтары мен толғандырған мәселелерін еркін түрде жазып, жәшікке салды.
 
🌿 Өнегелі 15 минут 🌿
3 «Ә» сыныбының оқушылары 15 минуттық қоңырау кезінде ұлттық құндылықтармен танысты.
Оқушылар қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мағынасы мен түрлері туралы қызықты мәліметтер алды.
Ұлттық өнерді ұлықтау – жас ұрпаққа рухани тәрбие берудің жарқын үлгісі 🇰🇿
🎤🌟 «Әншуақ» фестивалі 🌟🎤
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 2025-2026 оқу жылындағы «Шабыт» жобасының іс-шара жоспары бойынша 1–4 сынып оқушылары арасында «Әншуақ» фестивалі ұйымдастырылды.
🎯 Фестивальдің мақсаты – балалар арасында музыка мәдениетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімдерін нығайту және «Адал азамат» тұжырымдамасының негізін құрайтын жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Фестиваль барысында жас өнерпаздар туған елге, Отанға, бейбітшілік пен достыққа арналған әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушының сахнада еркін сезініп, шығармашылық қабілетін көрсетуіне мүмкіндік жасалды.
Іс-шара балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық рухты сезінуіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға үлкен ықпал етті. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған фестиваль шынайы шабыт пен өнер мерекесіне айналды.
🌈 «Ән арқылы – тәрбие, өнер арқылы – рух!»
 
Іс-шаралар
🌍 «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» экологиялық сағаты ♻️
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-6 сынып оқушыларына «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» тақырыбымен экологиялық сағат өткізілді. ♻️
🎯 Мақсаты – тұрмыста пайдаланылмай қалған, бірақ жарамды заттарды қайта қолдану арқылы қалдықтарды азайту, үнемді тұтыну мәдениетін насихаттау, экологиялық сананы арттыру және оқушыларды табиғатты қорғауға баулу, экологиялық мәдениетті нығайту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Акция барысында оқушылар өздері қолданбайтын заттарды әкеліп, оларды қайта пайдалануға немесе басқаларға ұсынуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара балалардың ұқыптылық, жауапкершілік және өзара көмек құндылықтарын дамытуға ықпал етті.
✅ Дармарка – тек акция емес, бұл экологияға жасалған нақты қадам, экологиялық сағаты.
 
02.02.2026 жылы бүгін мектебімізде «Өмірге ИӘ деп айт» психологиялық апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылар мен ұжымның психологиялық саулығын қолдау, өмірге оң көзқарас қалыптастыру.
 
🏐 «Спорт – денсаулық кепілі» 🏐
2026 жылғы 23 қаңтар күні «Саламатты мектеп » жобасы аясында мектебімізде мұғалімдер мен мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен волейболдан сыныптан тыс жарыс өтті.
Аталған спорттық шараға 7–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен командалық рухын көрсетті. Жарыс барысында оқушылар достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтының маңызын тереңірек түсінді.
🎯 Шараның мақсаты:
– Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу;
– Дене белсенділігінің денсаулыққа пайдалы екендігін ұғындыру;
– Спорт арқылы ұйымшылдық пен ынтымақтастықты арттыру.
💪 Спорт – тек жарыс емес, ол денсаулық, сергектік және жарқын болашақтың кепілі!
Белсенді өмір салтын бірге таңдайық! 🌟
 
🧹Іс-шаралар🧹 Өнегелі 15 минут 🧹
Ұзақ 15 минуттық үзіліс кезінде оқушылар сыныпта тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
✨ Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалықты сақтауға, еңбексүйгіштікке және сынып мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
🤝 Бірлік бар жерде – тәртіп бар!
🧼 Тазалық – мәдениеттің айнасы.
Осындай өнегелі істер арқылы оқушылардың бойында жағымды әдеттер қалыптасып, сыныпта жағымды орта орнықты.
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, өзіңді қорғауды үйрен!
«Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде оқушыларға арналған жұмыс жоспары аясында мектеп педагог-психологы- Өтесінова Нұршат 5-6 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, өзіңді қорғауды үйрен!» тақырыбымен психолгиялық сабақ өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдерде зорлық-зомбылық мәселесіне саналы көзқарасты қалыптастыру, жеке шекараның маңыздылығын түсіндіру және оны күнделікті өмірде қорғау дағдыларын дамыту.
Психологиялық сабақ барысында оқушыларға:
-Жеке шекара деген не?
-Зорлық-зомбылықтың аталған түрлерінің қайсысы бар?
-Егер біреу сенің жеке шекараңды бұзып, зорлық-зомбылық танытса, не істеу керек? тәрізді сұрақтар арқылы оқушылармен кері байланыс жасау арқылы оқушылардың жеке шекарасы бұзылған уақытта нендей әрекеттер жасап, қандай шешім қабылдай білулері керектігі түсіндірілді.
Ағылшын және орыс тілі апталығы аясында мектебімізде үзіліс уақытында оқушыларға арналған «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды.
🎲 Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі ойындарға қатысып, қызықты сұрақтарға жауап берді.
🗣 Бұл белсенділік оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын арттырып, еркін қарым-қатынас жасауына және көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
✨ Көңілді, пайдалы әрі танымдық үзіліс оқушыларға ерекше әсер қалдырды!
 
Көңілді үзіліс: қыстық ойындар ❄️
Қысқы күннің тамаша сәттерінде оқушылар үзіліс кезінде таза ауада серуендеп, қармен ойнап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. ☃️
Балалар қимылды ойындарға белсене қатысып, бір-бірімен жарыса ойнады.
👫 Шараға төменгі сынып оқушылары да белсенді қатысып, шат-шадыман көңіл күй сыйлады.
✨ Көңілді үзіліс балалардың сергектігін арттырып, жағымды эмоция мен жарқын әсер қалдырды.
✨ «Жыр – менің жалғыз тарланым» поэзиялық кеші ✨
2025 жылдың 25 желтоқсанында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 2025-2026 оқу жылындағы «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша «Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ поэзиясының падишасы, рухты жырдың иесі- Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған тағылымды поэзиялық кеш өтті.
📖 Мақсаты: ақынның шығармашылығын насихаттау және таныту, оның өлеңдеріндегі азаматтық , әлеуметтік және мәдени құндылықтарды жеткізу, қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесін атап өту, оқушыларды ақынның шығармашылығына қызықтыру және оларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, қазақ әдебиетінің алтын қорын сақтау және насихатта Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, жүрекке жетер өлеңдері мәнерлеп оқылды.
🎭 Оқушылар сахналық көріністер қойып, жыр әлеміне саяхат жасады.
🎥 Бейнероликтер мен кітап көрмесі кештің мазмұнын тереңдете түсті.
Бұл рухани кеш жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рух пен әдеби құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
💐 Фариза ақынның мәңгілік жырлары – ұрпаққа үлгі, рухқа азық. ‎
 
«Көңілді үзіліс»
*Тақырыбы:* Қазақтың ұлттық ойындары – “Бес тас”және “Асық ату”,”Қанталапай”
-Бес тас— саусақ икемділігі мен зейінді қажет ететін көне ойын түрі.
-Асық ату— дәлдік пен көз өлшемін дамытатын, балалардың сүйікті ұлттық ойыны.
Ұлттық ойындар ережелері түсіндірілді. Балалар қоңырауда қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Сағатова Жұлдыз
 
«Салауатты өмір-болашақ кепілі» спорттық сайысы
«Ұлағат «ұлдар кеңесінің жұмыс жоспары аясында «Ұлдар» кеңсінің төрағасы-Талғатұлы Айберген және спорттық нұсқаушы-Сейтахметов Дәулет ұл балаларға арналған «Салауатты өмір-болашақ кепілі» спорттық сайысын өткізді.
Мақсаты: Ұл балардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттық сайыс қорытындыланып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Іс-шаралар
“ДосболLIKE: достық қолын ұсын!” республикалық акциясы аясындағы
«Шығармашылық ынтымақтастық» бағыты бойынша оқушылар өз қолымен әдемі фоторамка жасап, бір-біріне арналған жылы көңіл мен достықтың символын бейнеледі. Балалардың шығармашылығы мен достығы — біздің ортақ қуанышымыз! 💛📸✨
 
Іс-шаралар
“ДосболLIKE: достық қолын ұсын!” республикалық акциясы аясында
бүгін мектебімізде «Спорттағы достық» бағыты бойынша қызықты және көңілді шара өтті. Қозғалыс, күлкі, қолдау мен жақсы эмоцияға толы “Спорттағы достық” күні оқушыларға керемет әсер сыйлады! 🤝⚽🏃‍♂️✨
 
“ДосболLIKE: достық қолын ұсын!” республикалық акциясы аясында
«Шебер қолдар шеберханасы» бағыты бойынша оқушылар «Достық ағашын» жасап, оған өз қолдарымен қиып жасаған жапырақтарын жапсырды. 🍃💛
Бірлік пен мейірімге толы “Достық ағашы” – біздің сыныптың шынайы бейнесі! 🌳✨
 
 
ДосболLIKE: достық қолын ұсын! 💛
Республикалық акция аясында «Еріктілер» бағыты бойынша оқушыларымыз бір-біріне қолдау көрсетіп, достықты нығайтуға үлес қосты. Ортақ істер арқылы біз бірге күліп, бірге үйренеміз! 🤝✨
 
🌿 Дүниежүзілік психикалық денсаулық онкүндігі бойынша бүгінгі тақырып — «Менің күйім – денсаулығымның кепілі».
Оқушыларға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды 👩🏫
 
«Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай “Дені сау психика” тақырыбында стенд қағаздар байқауы ұйымдастырылды. Жан саулығы – өмірдің мәні!» 🌿
 
5 қазан- Ұстаздар күні, Ұстаздар мерекесі
29.09-3.10 қазан аралығындағы Ұстаздар күні мерекесіне арналған апталықтың іс-шаралар жоспарына сай 3 қазан күні ұйымдастырушы-педагог- Т.Әлібаева мен сынып жетекшілерінің дайындауларымен 10-11 сынып оқушыларының ұстаздарына арнаған “ Ұстаз- ұлы тұлға” атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, оларды сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсінуге, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Шарада оқушылар өздерінің ұстаздарына арнаған жүрекжарды тілектері мен құттықтауларын жолдап, ұстаздарын қуантты.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын, ұстаздарын қуанта білер шәкірттері көп болсын!
 
🌏«Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында педагогтер үшін “Стресс және оны жеңу” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.» 🌱
 
“Ұстаздарға мың алғыс!” шарасы
29.09-3.10 қазан аралығындағы Ұстаздар күні мерекесіне арналған апталықтың іс-шара жоспарына сай 2 қазан күні мұғалімдер мен “Жас ұлан” ұйымының мүшелерінен құралған топ жақында ғана құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Сүгірбаева Айсұлу апайды құттықтап қайтты.
Зейнеткерлік демалысқа шыққан ұстаз мектеп оқушылары мен әріптестерін көріп қуанып қалды және балаларға өзінің ақылы мен тілектерін айтып, дастарханға шақырды.
Ұстаздарымызға мың алғыс!
 
🗓 Дүниежүзілік психикалық денсаулық апталығы аясында
👨👩👧👦 «Қамқор ана, қамқор әке»
🌿 Ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді
Бұл күннің мақсаты – отбасы құндылығын дәріптеу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, өзара түсіністік пен мейірімге негізделген қарым-қатынасты нығайту болды. 💚
✨ Қамқорлық – сүйіспеншіліктен басталады!
 
2025-2026 оқу жылына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспарына сай «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде 5-6 сынып ата-аналарына арналған «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз!» сабағы өткізілді. Мақсаты: Бірлескен іс-шаралар арқылы балалар мен ата –аналар арасындағы байланысты нығайту. Сабақ барысында ата-аналарға эмоцияларды саналы қабылдау және оларды реттеу дағдыларын дамыту, отбасында қауіпсіз және қолдау атмосферасын қалыптастыру міндеттері туралы бірнеше жаттығулар жасатылып, соңында қатысушылар өз қорытындыларымен бөлісті.
25 қазан Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет байқауы 3-4 сыныптар арасында өткізілді. Болашақтағы еліміздің бейнесін, дамыған, табиғаты көркем, мәдениеті бай мемлекетті өз қиялымен суреттеу. Байқау мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отан туралы арман-ойларын бейнелеу арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру.   https://www.facebook.com/share/r/14Pauhb1hts/
Мектебіміздің 8 сынып оқушыларының Республика күніне арнаған құттықтаулары. Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін, отансүйгіштік сезімді арттыратын маңызды шараның бірі.
Республика күні құтты болсын! Бұл-азаттығымыздың, елдігіміздің нышаны. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш оты маздай берсін! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!
 
Іс-шаралар
2025 жылы атақты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаhарманы жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ерлік ешқашан өшпейді» атты танымдық кітапханалық сағаты 8 мамыр күні «Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің кітапханасында өткізілді. Шараға 7 сынып оқушылары қатыстырылды. Танымдық сағат барысында «Ерлік ешқашан өшпейді»кітап көрмесі таныстырылып,мұнда оқушылар батырдың балалық шағы,отбасы туралы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері туралы жас ұрпаққа Отанды сүю, ерлік пен батырлықтың мәңгілік құндылық екенін ұғындыру.
🔰Республикалық бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
Олмипиада жалпы білім беретін қазақ тілі мен ана тілі, математика және дүниетану пәндері бойынша өтті. Мектепішілік олимпиадаға 2-4 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
📒Бастауыш сынып оқушыларының білімі мен қабілетін анықтап, пәнге қызығушылығын арттыру;
📒Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадалық резервін жасақтау, дарынды балаларды қолдау және дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
📒бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру.

 

🔰 «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ-ҚАЗАҚСТАН»
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Аудандық Серікбол Қондыбай атындағы мұражайда 2 «ә» сынып оқушыларының кезекті «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына ата-аналар және мұражай қызметкерлері қатысты
Оқушылар түрлі халықтардың амандасу дәстүрлерін сахналап, әр ұлттың тілінде сәлемдесті. Бұл арқылы олар ел ішіндегі татулықтың, ұлттар достығы мен өзара құрметтің маңызын тереңірек түсінді.
Балалар белсенділік танытып, бірлік пен достықтың құндылығын сезіне білді.

https://www.facebook.com/share/v/1FM947rB6D/

Іс-шаралар
«Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-сінің кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Зейінді оқырман» сайысы бастауыш сыныптар, жоғары сыныптар арасында кітапханашы,сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өткізілді.2-4 сыныптар арасында «Алтын сақа», «Қаңбақ шал», 5-7 сыныптар арасында«Қ. Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді», 8-10 арасында Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» , Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін», оқушыларға тапсырмалар беріліп,жазбаша сұрақтарға жауап беріп, марапатталды.Оқушылар сайысқа белсене қатысып,өз білімдерін көрсетті.
Жобаның мақсаты:Мектеп оқушыларын әңгіме,ертегілер оқуға қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын байыту. Берілген тақырыпқа қатысты талдау жасап,ойлау қабілетін,ой өрісін және қазақша сауатты сөйлеу мәдениетін дамытып өзіндік көзқарасын үйрету.Оқушылардың кітап оқуға деген ұмтылысын жақсарту.
 
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сәуір айының 24-і күні сағат 17:00-де бастауыш 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына » Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті » тақырыбында сабақ өткізілді.
Спикері : Г.Мырзатаева
Сабақтың мақсаты: ақпараттық және іс-қимыл алгоритмдері негізінде балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Міндеттері:
1. Ата-аналардың баланы қазіргі әлемнің қауіп-қатерлерінен қорғауға деген ұмтылысын ынталандыру;
2. Ата-аналарға іс-қимыл алгоритмдерін үйрету, ықтимал қауіптер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдері туралы түсініктерді кеңейту және тереңдету;
3. Баланың тәуелсіздігін дамыту үшін бірлескен іс-әрекет және өзіндік мінез-құлық сызығын талдау дағдыларын дамыту.
 
Іс-шаралар
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сәуір айының 24-і күні сағат 17:00-де 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Балаға өз әлеуетін ашуға қалай көмектесуге болады? » тақырыбында сабақ өткізілді.
Спикері : І.Оразымбетова
Сабақ мақсаты: жоғары сынып оқушысында қазіргі әлемдегі өмірге дайындау
ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру.
Міндеттері:
1) қазіргі әлемдегі жеке табыстың шарттары туралы түсініктерді тереңдету;
2) жоғары сынып оқушысын мақсатқа жетуде қолдау дағдыларын дамыту;
3) баланың өзін-өзі көрсетуінің тиімді жолдарын іздеуге ынталандыру.
 
Іс-шаралар
“Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ” КММ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сәйкес 15 қараша – Валюта күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Бұл күннің маңызы – теңгенің экономикадағы рөлі мен оның халықаралық саудадағы орны туралы ақпарат беру. Валюта – елдің ақша бірлігі, ол ұлттық экономика үшін маңызды құрал болып табылады. Әлемде түрлі валюталар бар, және олардың айырбасталу бағамдары халықаралық сауданың негізін құрайды.
Бұл күні өткізілген сынып сағаттары оқушыларға қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ валютаның экономикадағы маңыздылығын түсінуге көмектесті.
» Алтын күз» сайысы
Күзгі каникул күндері 7-11 сынып оқушыларына «Алтын күз» сайысы өткізілді.
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. «Күзгі вальс» биі
3. «Өнерің өрге жүзсін!»
4. Сән үлгісі және шаш үлгісі
5. Күзгі өнімдер және экибана
Сайыс қорытындысымен жеңімпаз сыныптар марапатталды.
 
25 қазан- Республика күні мерекесіне орай жасақталған «Қазақстан- Республикам менің» апталығының іс-шара жоспары бойынша ДТІЖО- Г. Серикова 8 сынып оқушыларымен және аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен бірге «Тұғыры биік-Қазақстан» тақырыбымен мерекелік кеш өткізді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу, балалардың ой-өрісін дамыту, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
 
25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күніне орай мектеп оқушылары на “Ұлттық нақыштар менің мақтанышым” атты сынып сағаттары өткізілді.
Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі
Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы
 
Іс-шаралар
🔰🇰🇿РЕСПУБЛИКА КҮНІ
25-қазан Республика күніне орай «Республикам-мақтанышым!” тақырыбында мектепте жиын өтті.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының әрбір азаматын қадірлеуге, елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
«Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің кітапханасында 24-қазан кітапханашы күніне орай кітапханашы Ж.Тулегенова мен ұйымдастырушы педагог Т.Әлібаева «Кітапхана-күн шуағы білімнің» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға бастауыш сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар күнделікті оқып жүрген ертегі, әңгімелеріне талдау жасау арқылы сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты. Оқушылар дипломмен марапатталды.
Мақсаты: Кітаптың адамзатқа пайдасы көп. Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттау. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті кітабын жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Ертегілер арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру. Кітапхана өмірімен таныстырып, кітапты құрметтей білуге баулу.
 
 
Халық қаһарманы Р.Қ. Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты 14 қазан күні “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тіккен ту” тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз, олардың жасаған ерліктері айтылды. Оның ішінде Рейхстагқа дейін 360 драмалық қадам жасаған және Жеңіс туын алғаш көтерген аңызға айналған тағдырдың адамы Рахымжан Қошқарбайұлы Қошқарбаевтың есімі лайықты орын алады. Батырларымызды ұмытпай ұлықтап жүру дәріптелді.
 

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар

Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. «КІТАП-АЛТЫН САНДЫҚ, ІШІ ТОЛҒАН ҚАЗЫНА ҚҰТ» атты көрмесі оқушыларға таныстырылды.
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге үйрету.

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар

27 мамыр -1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балажан»Ата-аналардың еріктілік қызметі науханына және «Балаларды махаббатпен қорғайық!» атты республикалық акциясын өткізу шеңберінде «Алтын балақ шақ» декадасының іс-шаралар жоспары аясында «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының балаларына арналған «Біз бәріміз балалық шақтарданбыз» көңілді старт ойындары өткізілді.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың рухани және физикалық дамуына жәрдемдесуде қоғамның тұрақты назарын аудару .

"Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі

27 мамыр -1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі науханына сай МАД тобы оқушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мақсаты: қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруда ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз қарым-қатынасын арттыру және ата-аналардың еріктілік қызметін ұйымдастыру.
 

2023-2024 оқу жылына арналған оқулықтарды тапсыру

Жыл сайынғы дәстүрлі үрдіс бойынша оқу жылының аяқталуы сыныптардың кітап жинауымен жалғасады. Оқулық тапсыру туралы кестесі алдын-ала жасақталды. Оқушыларға оқулықты тапсырарда жыртылған жерлері болса желімдеп, түптеу міндеттелді. Барлық оқулық таза күйінде қаралып жинақталды.
Оқулықтарды уақытында жинақтап тапсыру. Оқушылардың кітапқа деген құрметін арттырып, келесі де ұқыпты, таза ұстауға баулу.
Маңғыстау Аудандық Білім
Маңғыстау Ауданы Оқу-әдістемелік Орталығы
Маңғыстау облысының білім басқармасы
 

"Білімім -Отаныма" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты

Мектебімізде 24 мамыр күні жалпыға бірдей 1-11 сыныптарда “Білімім Отаныма” атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бисенбаевтың құттықтау сөзімен жалғасты.
“Білім – адам өмірінің ең маңызды құндылығы, әрі Отанымның жарқын болашағының кепілі. Ол арқылы адам өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымын кеңейтеді және қоғамда өз орнын табады. Білімді ұрпақ – елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады.»
Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі
Маңғыстау Аудандық Үйлестіру Орталығы
 

"Білімім -Отаныма" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты

2024 жылдың 24 мамыр күні «Білімім-Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: балаларды ұстаздарды қрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу;
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, Қазақстан Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдаумен жалғасты. Сынып жетекшілері жыл қорытындысымен жетістікке жеткен оқушыларды марапаттап, әр баланың жақсы қасиеттері, үлгілі істеріне назар аударылды.
Ал 9, 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбымен мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан эссе жазды.

«Каникулда кітап оқиық»

2024 жылдың мамыр айының 17 күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Каникулда кітап оқиық» атты буккроссингі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің оқыған кітаптарын «Кітап алмасу» бұрышына сыйға тартты.
Мақсаты: Барлық кітаптардың өз оқырманын табуға көмектесу, өзгелермен бөлісіп, кітабымен алмасу арқылы, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетін көтеру.
 

"Мен үшін отбасым - асыл қазына" тақырыбындағы эссе

15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай оқушылар «Мен үшін отбасым — асыл қазына» тақырыбында эссе жазды.
Мақсаты: отбасының қадыр-қасиетін ұғындыру, отбасындағы бауырларымен арасындағы қарым-қатынасты нығайту, татулыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Қыз балалармен өткізлген дөңгелек үстел

«Қызғалдақ» қыздар ұйымының іс-шара жоспарына сай «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге мектеп медбикесі-М.Аженова, ДТЖО-Г.Серикова және педагог психолог-Ж.Махамбет қатысты.
Мақсаты: қыз балаларға ерте жүктілік туралы түсінік беру және оның алдын алу, қыз балаларды ерте жүктіліктен сақтандыру, ақпарат, ақыл-кеңес беру.
Мектеп медбикесі М.Аженова ерте жүктіліктің қауіпті екендігі туралы бейнебаян көрсетіп, оқиға туралы түсіндірді.
Педагог психолог-Ж.Махамбет «Қазақ психологиясындағы қыз баланың ерекшелігі» тақырыбымен кеңес берді.
Іс-шаралар

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Отбасы-шағын мемлекет. Мемлекеттің болашағы-әр отбасының іргесінің мықты болуына байланысты.
15 мамыр — Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай 7 сынып оқушыларының отбасылары арасында «Менің отбасым» атты спорттық сайыс өткізілді.
Мақсаты: отбасының бірлігін, татулығын, ауызбіршілігін нығайту.
Сайысқа Руслановтар отбасынан «Қыран-7 а» тобы, Қыдырбаевтар отбасынан «Жалын» тобы, Қазбековтер отбасынан «Қыран -7 б» тобы қатысты.
Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша 7 бөлімнен тұратын спорттық сайыстың жеңімпаздары анықталды.
3 орынды Руслановтар отбасы, 2 орынды Қыдырбаевтар отбасы, 1 орынды Қазыбековтер отбасы иеленді.
1 орынға- 10 000 теңгенің сертификаты, 2 орынға -7 000 теңгенің сертификаты, 3 орынға-5 000 теңгенің сертификаттары табысталды.
Сайысқа қатысқан отбасы мүшелеріне ақшалай сыйлық сертификатымен қолдау көрсеткен кәсіпкер мұғалімдер-Бөбетай Табиғатқа, Тілекова Гүлбаянға және Оразымбетова Іңкәрға мектеп әкімшілігі өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтады.

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр — Халықаралық отбасы күні құтты болсын! Әр жанұяда татулық, бірлік, ынтымақ, сыйластық, береке болсын!

"Нашақорлық - қоғам дерті" тақырыбымен өткізілген кездесу!

2024 жылдың 14 мамыр күні «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» коммуналдық мекемесінде Маңғыстау аудандық прокуратура прокуроры-Жұбатыров Сержан Баянбайұлының , Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімі
«Оқу -әдістемелік орталығының» тәрбие бойынша әдіскері-Базарбай Ақсаяттың, Маңғыстау аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесі ювеналдық полиция кәмелетке толмағандар жөнінде инспекторы, полиция лейтенанты — Кенжеахметова Салтанат Муратовнаның және ДТЖО- Г.Серикованың қатысуларымен «Нашақорлық — қоғам дерті» тақырыбымен 10-11 сынып ұлдарымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдерді нашақорлықтан сақтандыру, есірткі, психотроптық заттарды тасымалдау мен пайдаланудың қауіпті салдары туралы түсіндіру.
Оқушыларға есірткіден сақтану туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мен Маңғыстау облысы полиция департаментінің, Маңғыстау облысы қылмыстық атқау жүйесінің дайындаған «Нашақорлық — қоғам дерті» атты видеоролигі көрсетілді.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні! 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр-Ұлы Жеңіс мерекелеріне орай «Менің бақытым-менің Қазақстаным!» тақырыбымен мерекелік музыкалық мектепшілік линейка өткізілді.
Мақсаты: Отанға адал, елге қайырымды, бейбітшілік сөзінің қадірін білуге тәрбиелеу.
9 мамыр-бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Іс-шаралар

"Түлектердің ағаш егу" челленджі

6 мамыр — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» челленджі ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың «Өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында 9, 11 сынып оқушылары челленджге қатысты.
Мақсаты: мектеп түлектеріне ағаш отырғызуға атсалысу арқылы аумақты көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, климаттың өзгеруіне қарсы тұруға және салауатты өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал ету, оқушылардың экологиялық сана-сезімдерін дамытуға ықпал ету, олардың қоршаған ортаға дегшен жауапенршілігін арттырып, табиғатты аялауға үйрету, табиғатты қорғаудың маңыздылығын ұғындыру.
Челленджде 11 сынып оқушылары табиғатты қорғау туралы өлең шумақтарын , тілектерін айтып, жас шыбықтарды мектеп ауласындағы баққа отырғызды және осы отырғызылған жас шыбықтарды күтіп баптауды, қарауды 9 сынып оқушыларына аманат етіп тапсырып, челленджді 9 сынып оқушыларына жолдады.
«Түлектердің ағаш егу» челленджі
#ЖерЕлшілері#Амбасадорыземли

“Маңғыстау жастары бірлікте”!

Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі.
1-мамыр “Қазақстан халқының Бірлігі күніне” орай Маңғыстау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан жастары арасындағы бірлік пен татулықты нығайту мақсатында футзалдан “Маңғыстау жастары бірлікте” атты мектепаралық турнир өткізілді.
Үздік ойын көрсеткен ойыншылар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

"Бірлік, Жасампаздық", "Мамыр - ынтымақ айы"!

1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында оқушылар «Бірлік, Жасампаздық», «Мамыр — ынтымақ айы» тақырыптарында диктант, эссе жазды
Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достықпен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, оқу сауаттылығын арттыру.

"Даналық мектебінің" "Әже даналығы" секциясы бойынша "Ырым-тыйым-әдептілік негізі" тақырыбымен өткізілген дөңгелек үстел

26 сәуір күні С.Қондыбаев атындағы аудандық мұражайда «Даналық мектебінің» «Әже даналығы» секциясы бойынша «Ырым-тыйым-әдептілік негізі» тақырыбымен 9,10,11 сынып қыз балаларына дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: халқымыздағы әдептілікке бастау болған ырымдар мен тыйымдардың мәнін ашып, берілетін білім арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға бағыттау.
Дөңгелек үстелді модератор 11 а сынып оқушысы-Оралбекқызы Нұрзада жүргізді.
Дөңгелек үстелге әжелер: Бердіғұлова Тілектес, Әбитова Ақерке, Ілиясова Маржан, Бөкембай Оңайгүл әжелер шақырылып, Маңғыстау аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: Ж.Молдашева қатысты.
-Әдептілік дегеніміз не?
-Ырым әдепке негіз бола ала ма?
-Тыйымдар не үшін қажет?- деген сұрақтарға жауап берді.
Оқушы қыз балалар қазақтың ырым-тыйымдарымен танысып, өз білген ырым-тыйымдарын ортаға салды.

«Менің сүйікті кітабым» атты республикалық деңгейдегі челленджі

Кітапханашының ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық деңгейде челлендж ұйымдастырылды. Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында бір ай бойы аталмыш шығарманы оқу үстінде.
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға шақыру арқылы кітап оқу белсенділігін арттыру. Сөздік қорларын байыту, ауызекі және әдеби тілдерін дамыту. Маңғыстау облысы Қызылорда облысынан жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романын оқуды қабылдап алған болатынбыз. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердің оқиғалар желісін бақылай отырып, мазмұнын түсінеді. Талдау жасай отырып әңгімелейді.

Дүниежүзілік кітап күні!

23.04.2024ж күні кітапханашылардың ұйымдастыруымен 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың жасына қарай қиял-ғажайып ертегілері, батырлар жыры, ақындардың түрлі әңгімелері, әдеби кітаптары таныстырылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, оқып жүрген кітаптарын талқылады. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажап істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені- кітап.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітап-ғылым, ол бүкіл әлем баласына керек екенін түсіндіру. Кітапханамыздың айналасына қарасақ, бізді қоршап тұрған кітаптар. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп айтқандай, бар білімді кітаптан алатынымызды үйрету.

Жат ағымдар туралы не білеміз?

22 сәуір - мектебімізге есімі берілген ғалым, физика ғылымының кандидаты, доцент - Берекет Жұмалыұлы Жұмалиевтің туған күні!

22 сәуір күні мектебімізге есімі берілген Берекет Жұмалыұлы Жұмалиевтің туған күніне орай «Мақтана бер, Маңғыстау, бір ұлыңмен!» атты әдеби сазды бағдарлама өткізілді.
Мақсаты: мектеп оқушыларын мектебімізге есімі берілген ғалым, физика ғылымының кандидаты, доцент —
Берекет Жұмалыұлы Жұмалиевтің өмір жолы, еңбектерімен таныстыру, ғалым ағаның есімін есте сақтау, құрметтеу.
Оқушылар ғалым ағаның өмір жолы, ғылыми еңбектері туралы ақпараттар алып, оқушылардың ғалым ағаға арнаған әндерін тыңдады.
Бағдарлама соңында оқушылар «Ғалымсың, аға!» деп аталатын мектеп маршын орындады.
Ғалымсың, аға, ұстазсың аға,
Қалдырған жатыр іздерің.
Берекет аға, дәуірле алға,
Ұмытпас сені өз елің!
 

Құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының, көліктерді басқару, мопед, электронды скутерлерді заңсыз басқарудың алдын алу шарасы

Құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының, көліктерді басқару, мопед, электронды скутерлерді заңсыз басқарудың алдын алу бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесі ювеналдық полиция тобы кәмелетке толмағандар жөнінде инспекторы, полиция лейтенанты — С.М.Кенжеахметова мен мектеп инспекторы-Ж.Б.Қайырғалиев мектеп оқушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді.

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ” КММ — нің қызметкерлері сенбілік өткізді. Мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстардан тазартылды.

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Маңғыстау облысы күні» болып белгіленуіне орай, мектебіміздің мұғалімдері мен кіші қызметкерлері сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп ауласы, мектеп маңы, бақша іші тазаланды.
Тазалықты өз мектебімізден, өз мекемемізден, өз үйімізден бастайық, достар!
Іс-шаралар

«Үздік оқырман» сайысы

10.04.2024 ж. күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Үздік оқырман» сайысы 5,6 сыныптар арасында өткізілді. Сайыста 5 сыныптар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне көрініс қойды. Ал, 6 сынып оқушылары Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан повесі бойынша мазмұндап, кейіпкерлерге талдау жасап, берілген сұрақтарға нақты жауап беріп, белсенді қатысты.
Мақсаты: Білімнің қайнар бұлағы-кітап деп бекер айтпаған. Ал, адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар кітапхана екенін ұғындыру. Жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін сезіндіру. Кітапты оқығанда бар ынтамызбен, ықыласпен, мұқият, әрі баяу оқуын үйрету.
 

Құқықбұзушылықтар мен діни экстремизмнің алдын алу туралы кездесу

Сәуір айына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысының жоспарына сай Маңғыстау аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесі ювеналдық полиция тобы кәмелетке толмағандар жөнінде мектеп инспекторы, полиция лейтенанты — С.М.Кенжеахметованың қатысуымен 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыстың түрлерімен, белгілерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу, діни экстремизмнің қаупі, олардың қоғамға әсері туралы түсіндіру, оқушылардың діни ой-санасының дұрыс қалыптасуына бағыттау.
Әр сыныптағы кездесу соңында оқушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берілді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша 1 — 4 сынып оқушыларының ата-аналарына бастауыш сынып жетекшілері М.Шәуенова мен Г.Қызықбаева педагогикалық қолдау сабағын өткізді.
Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін бағдарламалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

"Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджі

«Қасиетті Наурыз -амандық, бірлік, мейірімділік
пен өзара сыйластық мерекесі.»
«Біздің халқымыздың рухын көтеретін
домбыраға әр үйде құрметті орын берілген.
Домбыра-қазақ халқының жаны»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Наурыз мерекесіне орай «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылып, Қ.Сағырбаевтың «Адай» күйі орындалды.

Наурызнама-20 наурыз Ұлттық спорт күні!

Ұлттық ойындар-ата-бабаларымыздан бізге қалған байлығымыз,асыл қазынамыз. Бұл ұлттық ойындардың мән-мағынасы тереңде жатыр. Қазақ халқы ертеден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Мектебімізде ұлттық спорт түрлерінен асық ату, тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.

Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу

Террористік және діни экстремизмдік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу. Терроризммен күресу ғана емес, оның пайда болуының алдын алу керек екенін есте ұстаған жөн.
Балаларға террористік және діни экстремистік қауіп жағдайындағы мінез-құлықтың негізгі ерекшеліктері мен түсініктері туралы білім беру, балаларды қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету, жеке қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға саналы көзқарасты дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мектеп оқушыларына сынып сағаттарында және сабақтан тыс ұзақ үзілістерде «Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 

19 наурыз-Жаңару

14-23 наурыз айы аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жоспарына сай, 19 наурыз күні -Жаңару деп аталды.
Бұл күні оқушылар мен мұғалімдердің, мектеп қызметкерлерінің қатысуымен көктемгі ағаш дәстүрі ұйымдастырылып, ағаштарға күтім жасау жұмыстары жүргізілді.
 

"Дін мен дәстүр" дөңгелек үстелі

2023-2024 оқу жылына арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» іс-шара жоспарына сай, әлеуметтік педагог, құқық пәнінің мұғалімі — Г.Шорбасова оқушыларға «Дін мен дәстүр» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: қатер төндіретін діни жат ағымдардан сақ болу, терроризмнің алдын алу, олардан елімізге келтіретін зардаптарды жан-жақты түсіндіріп, оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Іс-шаралар

18 наурыз - Ұлттық киім күні.

14-23 наурыз айы аралығындағы «Наурыз — базарлық» маусымы іс-шара жоспарына сай, 18 наурыз- Ұлттық киім күні, ұлттық киімді ұлықтайтын күн болып атап өтілді.
Ұлттық киім-кез-келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезең.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды ұлықтап жүрейік!
#Біртұтас тәрбие
#Наурызнама

14-23 наурыз айы аралығындағы "Наурыз-базарлық" маусымы

14-23 наурыз айы аралығындағы «Наурыз-базарлық» маусымы іс-шара жоспарына сай, 15 наурыз-Қайырымдылық, Мейірімділік пен Татулық күні.
Мектебімізде қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасы балаларына әр жыл сайын қолдау көрсетіп, «Мектепке жол» акциясына үзбей қатысып қайырымдылық көрсетіп келе жатқан — кәсіпкердің бірі, әрі ата-ана- Шәмединова Ақсырға.
Әлеуметтік педагог- Г.Шорбасова кәсіпкер ата-анамызды мерекемен құттықтап, марапаттап, мектеп әкімшілігі атынан ризашылық білдіріп қайтты.

14 наурыз -Көрісу күні-Амал мерекесі

14 наурыз — «Көрісу күні -Амал мерекекесі» тақырыбында дәстүр бойынша туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беруді ұйымдастыру тапсырмасына орай, ұжымның ұстаздар қауымы мен оқушылар марқұм Еділханов Сайком атаның зайыбы Бердіғұлова Тілектес ананың отбасына барып, қол беріп көрісіп, Амал мерекесімен құттықтап қайтты.
 

«Жеңгесі жақсы қандайды....» мектепішілік сайысы

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір — біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге үйрету. Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілікке тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екендігіне тоқталу; ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. «Қане, таныс болайық!». Таныстыру.
2. «Жеңгеммен бірге пісірген дәмді ас». Үй тапсырмасы.
3. «Бұрымды ару». Шаш өру.
4. «Өнерпаз болсаң арқалан!». Өнер көрсету.
5. «Ата мұраң – асыл қазынаң». Дәстүрге байланысты
сұрақтар.
Әділқазылар алқасының төрайымы:
ДТЖО- Серикова Гульшат Кошахановна
Мүшелері:
1. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы: Абдуллаева Түймеш
2. Мектепшілік ата-аналар кеңесінің төрайымы:
Байжанақова Айнагүл
3. Полиция лейтенанты, мектеп инспекторы-
Кенжеахметова Салтанат Муратовна
Сайысқа 4 жеңге 4 қайынсіңлісімен қатысты.
1. Ермұханова Ақырыс — 10 «ә» сынып оқушысы, жеңгесі-Айшабибімен
2. 9 «а» сынып оқушысы — Сайкомова Жанель, жеңгесі Айдарсұлумен
3 9 «ә» сынып оқушысы — Таубай Ақнұр, жеңгесі Бикетаймен
4. 9 «б» сынып оқушысы – Аманкелдиева Ақниет, жеңгесі Фаримамен
Жеңімпаздар демеушілердің көмегімен марапатталды.
«Айтыман» дүкенінің иесі, кәсіпкер-Әлімбаева Құралай, «Мақпал» сауда орталығының иесі, кәсіпкер- Шәмединова Мақпал, дене пәнінің мұғалімі- Іңкәр Оразымбетова демеушілік көрсетті.
 

«Менің сүйікті кітабым»

2024 жылдың наурыз айының 6 күні кітапханашылардың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Менің сүйікті кітабым» атты шара өткізілді. Шарада жұмбақтар жасырылып, оқыған ертегілерінен үзінді айтып, сұрақтар қойылды.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту,танымдық-ойлау қабілетін,зейінін қалыптастыру. Оқушы бойында өз бетімен кітап оқып білім алуға дағдыландыру, білімнің кітапта екенін ұғындыру.
 

Ұлттық киім күні

Бүгін 05.03.2024 жылы мектебімізде ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымыздың бірі ұлттық киім кию сән ғана емес, халқымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесін, бай ұлттық болмысымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ұлттық киім»күні өтті. Мектебіміздің 1-11 сынып білім алушылары ұлттық киімді насихаттауға белсене атсалысты.
 

"Арайлы Атамекенім" челленджі

1 наурыз- Алғыс айту күніне орай 28 ақпан — 3 наурыз күндері аралығында «Арайлы Атамекенім» челленджінің Тұжырымдамасына сай мектеп оқушыларының ризашылықтары мен алғыстары жолданды.
Мақсаты: ортақ тарихи жады, барлық қазақстандықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім негізінде Қазақстан халқының бірлігі мен қазақстандық бірегейлікті нығайту, патриотизмге, жауапкершілікке және рухани дамуға, адамдарға және қоршаған ортаға жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.

"Алғыс айту күні" мерекесімен 1-2 сынып оқушыларының алғыс айтып, құттықтаулары!

1-Наурыз «Алғыс айту күні»мерекесіне 1-2 сынып оқушылары өз жүрек жарды алғыстарын айтып, құттықтауларын жолдады.
Мақсаты: оқушылардың мейірімді,қайырымды,бауырмал болуға тәрбиелеу.
 

Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы

Атаналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша 1 — 4 сынып оқушыларының ата-аналарына «Білімдіге дүние жарық. Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесемін?» тақырыбымен 3 б сынып жетекшісі — Г.Молдаева педагогикалық қолдау сабағын өткізді.
Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін бағдарламалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
 
Іс-шаралар

"Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы"

«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде кішкентай бүлдіршіндердің ой-өрісін, ойлау дағдысын, сөйлеу мәнерін жетілдіру мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» атты ертеңгілік шарасы ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Шараға өте жақсы белсене қатысқан бүлдіршіндер марапатталды.
 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл "Ауған-сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған....."

14 ақпан күні Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагер жауынгерлері-Сарғұлов Орынғали және Кенжебаев Қайырғали ағалармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Кездесуде ардагерлер Ауған соғысына қалай қатысқандары жәйлі әңгімелеп берді. Оқушылармен сұхбаттасып, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар!-деп ақын жырлағандай, Ауғанстан соғысында қаза тапқан жауынгрлер 1 минут еске алынды.
Оқушылар ардагерлер жауынгерлерге арнайы дайындаған әндерін орындап, өз өнерлерін көрсетті.
 

🔰2-4 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА "БАСТАУ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ БОЛЫП ӨТТІ.

2024 жылдың 5-7 ақпан күндері 2-4 сыныптар арасында «Бастау» олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрды.
Іріктеу кезеңге мектеп бойынша 2, 3, 4 сыныптардың барлық оқушылары қатысты. Олимпиаданы қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай санын жинаған оқушылар 1 дәрежелі, 2 дәрежелі, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

"Әкелердің мектептегі бір күні" ашық есік күні

9 ақпан күні «Әкелер мектебі» және «Даналық мектебі» жобалары аясында аталар мен әкелердің қатысуымен «Әкелердің мектептегі бір күні» ашық есік күні өткізілді.
Мақсаты: әкелер мен мектеп арасындағы қарым-қатынас байланысты нығайту, бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрімізді, құндылықтарымызды аталардың қатысуымен насихаттау, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру.
«Даналық мектебі» клубының «Ата өсиеті» секциясының «Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет» тақырыбымен шебер сабағы өткізіліп, оқушыларға бата беру туралы, батаның түрлерімен таныстырылып, әкелер мен аталар топқа бөлініп бата түрлерін талқылады.
Шара соңында Ш.Байпақов ата мектеп оқушыларына бата берді.
Ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күнімен тұспа-тұс өткізілген шарада оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін оқып, әндерді орындады.
Педагог психолог Ж.Махамбет әкелерге арналған тренинг өткізіп, мектеп инспекторы, С.Кенжеахметова әкелермен кездесіп, балалар тәрбиесі мен құқықбұзушылық туралы қысқаша ақпарат берді.
 

Қазақстан суретшісі Әбілхан Қастеевтың туғанына 120 жыл

Қазақстан суретшісі — Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бағдарламасы бойынша мектептің аға тәлімгері — А.Закарина мен көркем еңбек пәні мұғалімдері суретшінің туындыларынан көрме ұйымдастырып, «Суреттер сыр шертеді» атты сурет байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларды қазақстандық суретші — Әбілхан Қастеевтің өмірімен және оның туындыларымен таныстыру.
Іс-шаралар

"Жеткіншектің жеті жарғысы"

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында жасөспірімдерге арналған семинар-тренинг
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында құқықтану пәнінің мұғалімі -Г.Шорбасова 9 сынып оқушыларына «Құқықтық сауаттылық » тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, оқушыларды өз құқын қорғай білуге тәрбиелеу , үйрету.

"Ертегілер еліне саяхат" байқауы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» ақпан айына арналған жоспарына сай 2-4 сынып оқушылары арасында ертегі айтудан және және 5-6 сынып сынып оқушылары арасында ертегілерден көрініс көрсетуден «Ертегілер еліне саяхат» атты байқау өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды ертегі айта білуге үйрету, ертегілер кейіпкерінің рөлін сомдай білуге баулу.
Жеңімпаз оқушылар анықталып, марапатталды.

"Біз салауатты өмір сүреміз! командалық спорттық ойындар жарысы

Наркологиялық бекет жұмысының жоспарына сай және спорттық нұсқаушылар: Н.Жаңбырбаев пен Е.Балсейітовтің ұйымдастыруларымен «Біз салауатты өмір сүреміз!» атты баскетбол ойынынан командалық жарыс өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру.

"Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында "Заң және тәртіп"

«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша өткізілген дөңгелек үстел
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша жасөспірімдер арасында қылмыс және құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, темекі, насыбай, электронды темекі шегу, жол-көлік оқиғасының, жыныстық тиіспеушіліктің, бопсалаудың, төбелестің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 24 қаңтар күні Маңғыстау аудандық прокурорының орынбасары-Саматов Нұрат Саматұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырылып, түсінік жұмысы жүргізілді.
Оқушыларға «Заң және тәртіп» тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, командалық ойындар ұйымдастырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, дөңгелек үстел, аяғында мектептің ішкі есебінде тұрған оқушылармен жеке әңгімелесу жүргізілді.

"Жас құтқарушылар"

«Жас құтқарушылар» тобының жоспарына сай жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау туралы сынып сағаттары және алғашқы медициналық көмек көрсету практикалық сабағы.
«Жас құтқарушылар» тобының жоспарына сай және Білім басқармасы ҚР бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің №2-21-24-00053 хатына орай, Маңғыстау облысы әкімі Н.А.Ноғаевтың 2023 жылғы 9 қарашадағы № 89-Ө өкімімен жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №1 хаттамасының 4 тармағын орындау мақсатында мектепте жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау туралы сынып сағаттары және алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары бойынша мектеп медбикесі – М.Аженова оқушыларға практикалық сабақ өткізді.
Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға «жедел жәрдем» келгенге дейінгі алғашқы медициналық ем шараларын жасау екендігін, алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетілетіндігін айтып түсіндіріп, практикалық тұрғыда оқушыға алғашқы көмек көрсетті.
Алғашқы медициналық көмектің түрлерімен: қан кету, сүйек сынғанда, улану, алкогольмен улану, тамақтан улану, күйік шалған кезде, үсік шалғанда, суға батқанда т/б түрлерімен таныстырылды.»

"Қызылшаның алдын алу"

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Европаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттану байқалады. ДДҰ қызылшамен сырқаттанудың себебін қызылшаға қарсы вакцинамен аз қамтылуымен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралу қаупін арттырады. Осы мақсатта мектеп мейірбикесі М.Әженова мектеп ұжымына және оқушыларға қызылшадан қорғанудың бірден-бір жолы екпе екендігі туралы түсінік жұмысын жүргізді.

"Құмар ойындарын қалай тыямыз?" тақырыбында пікірсайыс өтті.

«Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жасақталған іс-шара жоспарына сәйкес «Жігер» дебат клубының мүшелері арасында «Құмар ойындарын қалай тыямыз?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды кез келген ортада ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Дебат ойыны «Америкалық парламенттік форматы» бойынша өткізілді. Ойынға 2 топ, әр топта 2 спикерден қатысты.
Талқыланған сұрақтар:
1. Қазіргі қоғамда құмар ойындарын қалай жоюға болады?
2. Ел болу үшін қандай іс-шаралар жүргізіліп отырады?
Ойын жоғары дәрежеде өтіп, спикерлер өз аргументтерін фактілермен дәлелдеп, жан-жақты ізденіп, өз ойларын ашық жеткізді және ұшқыр ойлары мен ұтымды дәлелдерін келтірді.
«Үкімет» фракциясы жеңіске жетіп, І, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Іс-шаралар

"Жас құтқарушылар" тобының іс-шара жоспарына сай білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Төтенше жағдайлар адам өміріне қауіп төндіреді. Олар өндірістік апат, террористік акт, әскери операциялар, көшкін, жер сілкінісі, сең жүру сияқты табиғи апат салдарынан да болуы мүмкін.
2023-2024 оқу жылына арналған «Жас құтқарушылар» тобының іс-шара жоспарына сайжәне білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарына, 2024 жылдың 1-тоқсанында «Заң және тәртіп идеологемасын ілгерілету жөніндегі» іс-шаралар жоспарына сай мектебімізде 10 сынып оқушысы- Әди Парасат Маратұлы Төтенше министрі болып тағайындалып, «Объективте -«Қауіпсіздік» акциясы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, өрт сөндіру құралдарын өрт шыққан жағдайда қалай пайдалану керектігі жөнінде мағлұмат беру, төтенше жағдайлар кезіндегі ескеретін қауіпсіздік ережелерін үйрету үшін, аудандық Төтенше жағдайлар инспекторларымен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» тақырыбында оқу-жаттығу сабағы ұйымдастырылды.
Оқушылар қызметкерлермен бірге қауіпсіздік ережесін қалай сақтау керек екендігін үйренді.»

Қазақтың ұлттық ойындары

"Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, жол-көлік оқиғасының, жыныстық тиіспеушіліктің, бопсалаудың, төбелестің, зорлық-зомбылықтың алдын алу"

«Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, жол-көлік оқиғасының, жыныстық тиіспеушіліктің, бопсалаудың, төбелестің, зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында, ЖПҚб ЮПТ-ның аға инспекторы полиция майоры А. Жалғасбаевтың қатысуымен 7 а,ә,б сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.
Аға инспектор жасөспірімдерге болған оқиғалардан фактілер келтіре отырып, қауіпті, жағымсыз әрекеттерден аулақ жүру, сақтану туралы заң ережелерімен таныстырып шықты.

Фотогалерея