Жаңалықтар

«Әке өкініші» қойылымы
Маңғыстау облысының білім басқармасы, Дін істері басқармасының №02-07-124 хатына сәйкес, білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің жат ағым жетегінде кетуінің алдын алу, адамгершілік қасиеттер мен ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың 3-сәуірі күні әуесқой актерлардың дайындаған «Әке өкініші» атты қойылымы көрсетілді.
Қойылым барысында отбасындағы тәрбиедегі қателік анық көрсетіледі. Әкесі баласын қаталдау, дұрыс жолмен тәрбиелегісі келеді, ал анасы керісінше үнемі ұлын жақтап, оның барлық қателіктерін ақтап отырады. Баілегі орындалған бала ерке, жауапкершіліксіз болып өседі. Әкесі тіпті оған диплом сатып алып та береді. Уақыт өте келе ұл теріс жолға түсіп, радикалды ағымның ықпалына еріп кетеді. Ол үйленіп, әйелін алып келеді, бірақ келіні ата-енеге құрмет көрсетпейді. Кейін «дұрыс жолға кетеміз» деп, әйелін ертіп, ата-анасын тастап кетеді.
Соңында ана да, әке де баланы дұрыс тәрбиелей алмағандары үшін қатты өкінішке ұшырайды
🎯 Негізгі ойы:
•Баланы орынсыз қорғаштаудың зияны
•Әке тәрбиесінің маңыздылығы
•Отбасындағы бірізді тәрбиенің қажеттілігі
•Радикалды ағымдардың қауіптілігі
Тәрбиелік мәні:
Қойылым ата-аналарға:
👉 Баланың барлық тілегін орындайберу емес, дұрыс бағыт беру маңызды екенін
👉 Ана мен әкенің тәрбиесі бір бағытта болуы керектігін,
ал оқушыларға:
👉 Қате жолдың соңы өкініш екенін түсіндіреді
«Үнемді тұтыну»-суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру
«Үнемді тұтыну»-суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру
бойынша және «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасы» жоспарына сай сынып жетекшілері су үнемдеу мәдениетін тәрбиелеу бойынша сынып сағаттарын, тәрбие сағаттарын өткізді.
Мақсаты: суды, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру, үнемдеу жолдарының әдістерімен бөлісу, оқушылардың үнем туралытүсініктерін кеңейту, ой-өрістерін, тілдік қорын кеңейту, үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Тәрбие сағаты
“ДОСБОЛLIKE” бағдарламасы бойынша сыныптарда оқушыларға “ Буллингтен қорған”, “ Буллингке жол жоқ!”, “ Мектептегі буллинг деген не?” тақырыптарымен сынып сағаттары қашықтан сынып сағаттары өткізіліп, видеороликтер көрсетілді.
Мақсаты:
Буллингтің не екенін, оның түрлерін, салдарын және одан қорғану жолдарын түсіндіру. Оқушыларға психологиялық, заңдық және әлеуметтік көмек алуға болатынын көрсету.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында 5-сынып жетекшілері Н. Қылышова мен А. Тойшыбекованың ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, батыр Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдығына орай өмірі мен қызметін дәріптеу мақсатында танымдық сынып сағаттары өткізілді.

Мектебімізде 25 қазан — Республика күніне орай 1–6-сыныптар аралығында, 20-қазан күні “Қазақ елі — менің Отаным!”, “25 қазан — Республика күні!”, “Республикам — мақтанышым!” атты сынып сағаттары өткізілді.
 
18 сәуір -Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай мектебіміздің 6″Б» сыныбының жетекшісі Жайықбай Перизат «Ескерткіштерді қорғау-елдіктің белгісі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
 

Фотогалерея

Тәрбие сағаты