Жаңалықтар

🌟 Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өмірімнің қас жауы 🌟
6-сынып ұлдарымен тәрбиелік жиналыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында тәртіпсіздіктің алдын алу, жағымсыз қылықтардан сақтандыру жолдарын түсіндіру және жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыру.
Жиналыс барысында тәртіптің адам өміріндегі маңызы, мектеп ережесін сақтау, дұрыс қарым-қатынас пен өзін-өзі бақылау туралы ой қозғалды. Оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салды.
✅ Тәртіпті оқушы – саналы тұлға!
 
«Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында 5-сынып ұлдарына арналған насихаттық жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты – оқушылар арасында тәртіпсіздіктің алдын алу, жағымсыз қылықтардан сақтандыру жолдарын түсіндіру, тәртіпті, мәдениетті және жауапкершілігі жоғары оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында тәртіптің адам өміріндегі және оқушы дамуының негізі екендігі айтылып, мектеп ережелерін сақтау, өзін-өзі ұстау мәдениеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Ұл балаларға күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттар мысалға алынып, жағымсыз әрекеттердің салдары мен одан сақтану жолдары түсіндірілді.
Тәрбие жұмысы бағыттары
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
24 қазан күні «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбымен 9-11 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Д.Базаргалиевамен кездесу өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы төбелес, құқықбұзушылықтың, мопед, көлік жүргізу т/ б заңсыз әрекеттердің алдын алу.
 

"Заң және тәртіп" идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар

2024 жылдың 1 — тоқсанына «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша «Ата заң — алтын тұғырымыз» және «Ата заң мәңгілік елдің алтын тұғыры» тақырыптарында 7 а ә б сынып оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларды өз құқын қорғай білуге, заң талаптарын орындауға тәрбиелеу.
 

Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы кездесу

«Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және денсаулыққа зиянды заттарды қолданудан сақтандыру» тақырыбымен Маңғыстау АПБ НПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты — Н.Нухиевпен, Қ. Дукановпен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Тәрбие жұмысы бағыттары
Тәрбие жұмысы бағыттары