Жаңалықтар
9 сәуір күні мектебімізде 10-11 сынып оқушыларымен маңызды кездесу өтті. Кездесуге Нұр-Мүбарак университеті өкілдері арнайы келді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат ұсыну болды.
Іс-шара барысында университет өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Кездесу өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. Оқушылар болашақ мамандықтары туралы нақты түсінік қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындауға мүмкіндік алды.
Осындай кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Дублер күніне» орай өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасап қайтты. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің қызметімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді.
Мамандар оқушыларға төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрттің алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі жөнінде кеңінен мәлімет ұсынылды.
Мектебіміздің оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Аудандық техникалық колледжге экскурсияға барып қайтты. Іс-шара барысында білім алушылар колледждің оқу үдерісімен танысып, түрлі мамандықтар бойынша мағлұмат алды.
Колледж мамандары талапкерлерге қойылатын талаптар мен оқу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектебімізде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында 9–11 сынып оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтар, қабылдау талаптары мен грант мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған іс-шара оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орындары туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.
23 ақпан күні мектебімізде маңызды кездесу өтті. Мектебімізге Аудандық техникалық колледж өкілдері арнайы келіп, 9 және 11-сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға техникалық және кәсіптік білім беру бағыттары туралы кеңінен мағлұмат беру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету және болашаққа нық қадам жасауға қолдау білдіру.
Колледж мамандары оқу орнының материалдық-техникалық базасы, сұранысқа ие мамандықтар, қабылдау талаптары мен оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар мен өндірістік тәжірибенің артықшылықтары туралы айтып өтті.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу барысында белсенділік танытып, өз болашақтарына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
Мектебіміздің 11-сынып оқушылары Серікбол Қондыбаев атындағы Маңғыстау аудандық музей-ге танымдық экскурсияға барды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар көрсету және ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру.
Экскурсия барысында оқушылар музей қорымен танысып, өлке тарихы, археологиялық жәдігерлер, этнографиялық құндылықтар туралы тың мәліметтер алды. Музей қызметкерлері тарихи деректерді кеңінен түсіндіріп, туған жер тарихын білудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетуіне оң ықпал етеді.
Мектебімізде Ақтөбе заң институты өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға құқық саласындағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беру, жоғары оқу орнына түсу талаптарын түсіндіру және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру.
Іс-шара барысында институт өкілдері оқу орнының тарихы, білім беру бағдарламалары, курсанттардың оқу-тәрбие процесі, материалдық-техникалық базасы мен студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, талапкерлерге қойылатын талаптар, ҰБТ нәтижелері, қабылдау шарттары мен жеңілдіктер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беріп, оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырды.
Мұндай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың кәсіби өзін-өзі анықтауына үлкен септігін тигізеді.
2025 жылдың 7 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру педагогы Мырзатаева Гүлшат, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қамысбаева Роза, мектеп психологы Өтесінова Нұршаттың және сынып жетекшісі Султанова Жаннаттың ұйымдастырумен 11-сыныпқа жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты-бітіруші сынып оқушыларының ҰБТ туралы толыққанды түсінік беру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, сонымен қатар мамандық таңдау бойынша бағыт бағдар беру болды.
"Жарқын болашақ" бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылына студенттерді оқуға қабылдау туралы кездесу
Бүгін 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылына оқуға қабылдау туралы кездесу өткізілді. Кездесуге ата-аналар, мұғалімдер және 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: «Жарқын болашақ» бағдарламасы — Жаңа өзен, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының жасөспірімдеріне еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарына білім алуға жағдай жасауды көздейді.
Бағдарлама беретін мүмкіндіктер:
1. Оқу ақысы
2. Жатақхана ақысы
3. Жол ақысы
4. Жоғарылатылған шәкіртақы
Биылғы 2024-2025 оқу жылына 600 грант иегерін қабылдау жоспарлануда.



Назад
Далее
2024 жылдың мамыр айының 14 күні «Б.Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-де Маңғыстау аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс тобы инспекторы: Г.Тасымбаева 11-сынып оқушыларын әскери оқу орындарымен таныстырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу аяғында оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, жауап алды.


Назад
Далее
Әскери оқуға қалай түсуге болады?
Бүгін Маңғыстау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі, капитан — Қанатов Ғалыммен, инспектор-Тасымбаева Гульфайруспен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанты — Ізбасар Алпамыспен кездесу өткізілді.
Кездесуде мектептің 9,11 сынып оқушыларына Қазақстан аумағындағы әскери оқу орындарына қалай тапсыруға болатындығы жөнінде және әскери оқу орнының мүмкіндіктері мен жеңілдіктері туралы айтылды.
Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 курс курсанты — Ізбасар Алпамыс өз оқу орны туралы, әскери оқу орнындағы өзінің 1 күнгі оқу күні туралы айтып өтті.
Кездесу аяғында оқушылар өз ойларындағы білгісі келген бірнеше сұрақтарын қойып, жауап алды.



Назад
Далее


