Жаңалықтар

📖✨ «Кітаппен дос болған оқушы — болашақтың иесі»
Бүгін мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында «Бала және кітап: оқу мәдениеті» атты танымдық шара өтті. ✅
📌 Кітап — білім биігіне жетелейтін даңғыл жол. Бұл іс-шара арқылы оқушыларымыз тек оқырман ғана емес, кітаптың ішкі мазмұнын түсінетін, ой-өрісі кең, рухани бай тұлға екендіктерін дәлелдеді.
Біздің оқушылар:
📚 Өздері сүйіп оқитын шығармаларымен бөлісіп, оқырмандық күнделіктерін таныстырды;
🧠 Кітап оқудың адам танымына, сөйлеу мәдениетіне тигізер пайдасы туралы еркін пікір алмасты;
🔍 Әдеби кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. 🌟👏
💡 «Кітап — білім бұлағы» демекші, бос уақытын кітаппен өткізетін, ізденімпаз да алғыр шәкірттеріміздің қатары көбейе берсін! Білім шыңын бірге бағындырайық, жас оқырмандар! 🤗🌹
 
«23 сәуір — Ұлттық кітап күні»📚
«Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінде «Мен оқыған бір кітап» атты кітап оқу марафоны өтті 📖✨
Әрбір кітап — автордың жүрегінен шыққан асыл қазына. Марафон барысында оқушыларымыз өздеріне ерекше әсер еткен шығармаларымен бөлісіп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады. Бірі тарихтың тереңіне бойласа, бірі қиял-ғажайып әлемнен шабыт алды.
🎯«Кітап оқыған адам ешқашан жалғыз қалмайды».
Марафонның басты мақсаты — кітапты жас ұрпақтың айнымас серігіне айналдыру.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Ой – сананың қазынасы – кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ету.
Көрмеге бастауыш және орта буын оқушылары белсене қатысып, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Атап айтқанда, ертегілер, балалар әдебиеті, танымдық және тәрбиелік мәні зор шығармалар ұсынылды. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптар жайлы пікір алмасып, қызықты үзінділер оқыды.
Шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларды кітапты ұқыпты ұстауға, тұрақты түрде оқуға баулу бағытында кеңестер берілді.
Қорытындылай келе, «Ой – сананың қазынасы – кітап» атты көрме оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосты.
 
📚 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Кітап сыйла!” акциясы өтті
Мектебімізде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай “Кітап сыйла!” атты игі шара ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар бір-біріне және мектеп кітапханасына көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар сыйға тартты.
🎯 Мақсаты:
– Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
– Рухани құндылықтарды насихаттау;
– Сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеу;
– Мектеп кітапханасының қорын толықтыру;
– “Оқуға құштар мектеп” мәдениетін қалыптастыру.
📖 Акция аясында сыныптар арасында кітап алмасу ұйымдастырылып, әр оқушы өзіне ұнаған шығармасын досына тарту етті. Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі екенін оқушылар терең түсініп, белсенділік танытты.
Бұл шара жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етті.
✨ Қорытынды:
“Кітап сыйла!” акциясы жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Кітап – ең құнды сыйлық екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
«Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ-сінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап сыйла акциясы» мектепшілік іс-шарасы 02.02.2026-05.02.2026 ж аралығында өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: Кітап қорын толықтыру, кітапханаларға қолдау көрсету және жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейту. Кітап сыйлау арқылы балалар арасындағы ізгілік, сыйластық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау да маңызды міндеттердің бірі болып табылады.📚📗📘🖌📖📝🎁
 

Фотогалерея